» » Алашымның астанасы

Алашымның астанасы

Нұр-Сұлтан қаласы. Үлкендер айтпақшы, бас қаланы көрген де бар, көрмеген де бар. Бірі Бәйтеректің сұлулығын тамашаласа, енді бірі көркіне көз тойдыра алмай, бара алмай жүр. Осыншалықты арман болған астананың адам тартар сыры неде?
Астана – қазақ елінің бас қаласы, әлемге танылған жас қала. Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапқан. Бозақ қазіргі астанадан небәрі 15 шақырым жерде орналасқан. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденді. Сол кездегі әйгілі Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналды. Әрі Бозақ қыпшақ билеушілерінің ордасы болған. Міне, Елбасының астана орнын арқа төсіне таңдауы кездейсоқ емес. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Ресми көшіру 1997 жылы 10 желтоқсанда жүзеге асып, Елбасының 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Осылай алғаш Елордаға барып зәулім-зәулім ғимараттар бүккен сырын аша бастады. Бірнеше жылдан соң Астана емес, даму белесіндегі жаңа Нұр-Сұлтан әсем келбетімен жарқырап тұр. Бұл – келешектің кемел қадамы демей немене?!
Елорданың символына айналған «Бәйтерек» кешені қаланың тұмары іспеттес. Сонымен қатар «Нұр әлем» сферасы ЭКСПО – 2017 көрмесінің архитектуралық символы кешеннің орталық нысанына айналды. «Mega Silk Way» ЭКСПО – 2017 павильонына жақын жерде орналасқан сауда, ойын-сауық кешені. Бұл кешен – Қазақстандағы ең үлкен ойын-сауық орталығы. Сондай-ақ әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығы, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театры, Орталық Азиядағы ірі мешіт – «Әзірет Сұлтан» мешіті қаланың зәулім де әсем ғимаратының қатарында. Әулие Успен Богородица кафедралдық соборы, Әулие Мария Архиепархиясы рим-католиктік кафедралдық соборы, «Бейт Рахель Хабад Любавич» синагогасы, «Қазақстан» орталық концерт залы, «Қазақ Елі» монументі, Қазіргі заманғы өнер музейі мен Президенттік мәдени орталық ғимараттары көздің жауын алады. Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат – «Әбу-Даби Плаза» кешені де менмұңдалап тұр. «Алау» мұз айдыны, жаңа спорттық нысандар арасында 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионы, 2011 жылы әлемде үздік деп танылған, 10 мың орынға арналған «Сарыарқа» бірегей велотрегі тағы бар.
Жаңа заманның жаңа технологиясы әлеммен қатар қарыштап дамуда. Мұны «ЭКСПО – 2017» әлемдік көрмесінен аңғаруға болады. Қаланың қойған нысанасы да бар. Ол – әлемдегі ең «ақылды» қалаға айналу. Бұл – келешектің кемел қадамы демей немене?!
 Иә, ертең – Елорданың туған күні. Бүгінде астанамыз дүние жүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Нұр-Сұлтан – елдігіміздің нышаны. Егемен елдің қауызы. Бас қала арман, қиял мен сан қилы тағдырларды бір арнаға тоғыстырған әсем қала. Өркениет өрісіндегі біздің Елорда талайына ерекше естелік сыйлап, талайын жылы құшағымен жылытқан қала. Туған күніңмен, бас қала!
Айнұр ӘЛИ
05 шілде 2022 ж. 688 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 299

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 397

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930