» » Ұлы ұлттың дүбірі — домбыра ұлықтаған күн

Ұлы ұлттың дүбірі — домбыра ұлықтаған күн

Әр­бір ырғағы тарихтың бізге жет­кен көне сарынын, бү­кіл бір ұлттың шежіресін, ұлыстың баға жетпес мол мұрасын, мыңдаған замана аманатын арқалаған құдірет – Домбыра. Тарихтың қи­лы кезеңдерінен, сан-соқпаққа толы шақтардан аман жеткен домбыра – ұлттық болмысымыздың бітімгері!

Сыр бойы – тұтас ұлттың тарихының куәсі болған киелі мекен. Сырдың күйшілерінің қазіргі нар тұлғасы Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі Мұрат Сыдықов бастаған күйші-жыршылар мен бірге өңірдегі өнер ұжымдары да ұлтымыздың ұлы аспабын ұлықтап, дәстүрлі өнерімізді дәріптеп, қазақы өнердің тамырына қан жүгіртіп, күмбірлеген күй құдіретін жалпақ жұртқа паш етіп жүр.

Қазақтың жаны, бол­мысы, ұлттық ырғағына айналған домбыра барда, ұлттық өнердің жанашырлары барда ұлтымыз мәңгілік. Өскелең ұрпақтың қасиетті домбыраға, ұлттық өнерге деген құлшынысын арттыра түскен Ұлттық Домбыра дүбірі рухымызды жанып, елдігімізді еңселі ете берсін!

03 шілде 2022 ж. 799 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 422

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031