"Барлық мейірім балаларға!"
Үстіміздегі жылдың 1-маусымында Қармақшы аудандық орталық ауруханасында мекеменің Бастауыш Кәсіподақ Ұйымы мен Жастар Денсаулығы Орталығының салааралық біріккен жоспары аясында биылғы "Балалар жылына" орай, аурухананың "Балалар бөлімінде", "Перзентханада", "Оңалту орталығында" және аурухана ауласында "Барлық мейірім балаларға!" ұранымен кең ауқымды акция өткізді. Онда ауруханада ем алып жатқан балалар мен аудандағы ерекше балаларға көңіл бөлініп, қуантып, көңіл күйлерін көтеруде концерттік бағдарламалар жасалынып, анимациялық кейіпкерлер өнер көрсетті. Түрлі ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды. Және де Бастауыш кәсіподақ ұйымы атынан ерекше балаларға ақшалай және заттай қомақты сыйлықтар табысталды. Аурухана ауласы түрлі-түсті шарлармен безендіріліп, тақырыпқа сай баннерлер мен керме сөздер ілінді. Емделіп жатқан науқастар, ата-аналар, медицина қызметкерлері көңілді шараның көрермендері болды. Қуанышты көңілмен, ризашылықпен тарқаған ата-аналар мен жұртшылық медицина саласындағы қызметкерлерге алғыстарын жаудырып, еңбектеріне жеміс тіледі.
Сондай-ақ, жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Динара Жүсіпованың басшылығымен "Бала дамыту" кабинетінің маманы Мира Бұхарбаеваның ұйымдастырған акциясы "1-Маусым халықаралық балаларды қорғау" күніне сай безендірілген фойеде "Денсаулық мектебіне" келуші жас аналар мен бөбектеріне жақсы әсер сыйлады,балапандарға түрлі сый-сияпаттар жасалды. Балалар өнері тамашаланды. Келуші балаларға түрлі пайдалы дәрумендерге толы тағамдармен "Тәтті стол" дайындалып, балалар қуанышы еселенді. Ана мен бала денсаулығын басты назарға алған ақ халатты медицина қызметкерлері жылы лебіздерін білдіріп, құттықтауларын жеткізді.
Бұндай іс-шаралар тек қана жыл көлемінде ғана емес,үнемі жүргізіліп отырады.
Жыл соңына дейін жалғасын табатын басқа да іс-шарамыз алдағы жоспарларда нақтыланған.
Барлық жақсылық балаларға!
Бала-біздің болашағымыз!