Құрылтай
» » 84 жастағы ақсақал дауыс берді

84 жастағы ақсақал дауыс берді

№96 референдум учаскесі ресми түрде ашық деп жарияланған соң, дауыс берушілердің алғашқы легін бастап кент тұрғыны, автобазада ұзақ жылдар қызмет еткен 84 жастағы ардагер Әбдіразақ Пірмағанбетов келді.
- Бүгін елімізде орын алып жатқан саяси реформаға өз үлесімді қоссам деген ниетпен, ертемен келіп Жаңа Қазақстан құру жолындағы таңдауымды жасадым.
Келешек жастардың қолында. Ел тарихындағы осындай саяси оқиғаның қатысушысы болғаныма, ел болашағы үшін жасалып жатқан реформаға өз даусым арқылы үлес қосқаныма қуаныштымын. Елеулі өзгерісті қалайтын, ел тағдырына алаңдайтын барлық азаматтарды, жастарды бүгінгі шарадан қалыс қалмауға шақырамын.Халқымыз аман болсын! Мемлекетіміз жасай берсін.Өзгерістердің барлығы оңынан болсын! - дейді ардагер.

Осы орайда елден ерте тұрып, маңызды істен қапы қалмағаны үшін қазынады қарияға жасына қарамастан алғашқы дауыс берушілердің қатарынан табылғаны үшін сайлау учаскесінің төрағасы сыйлық табыстады.

05 маусым 2022 ж. 800 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

№55 (10523)

25 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 045

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31