» » Саяси науқан өз мәресіне жетті

Саяси науқан өз мәресіне жетті

Жексенбі күні ел тұрғындары аудандық маңызы бар қалалар, ауыл мен кенттер және ауылдық округтердің әкімдерін сайлады. Облыс бойынша 40 ауылдық округ әкімі сайланған додада 54 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оған 304 комиссия мүшесі мен 600-ге тарта байқаушы тартылған. Сайлау учаскелері бойынша 36071 адам сайлаушылар тізіміне енгізіліп, оның 30149-ы (83,58 пайызы) дауыс беруге қатысқан.
Мұндай маңызды науқан ауданға қарасты Ақай ауылдық округінде де өтті. Ауылдық округ әкімдігіне үміткер болып 3 кандидат дауысқа түсті. Тілшілік тіршілігімізбен біз де Ақайға ат басын тіреп, сағат 06:45-те сайлау учаскесінен табылдық. Бұл уақытта 2 сайлау учаскесінде де саяси науқанды ұйымдастырушылар мен комиссия мүшелері, байқаушылар сайлауға сақадай сай тұрды. Таңғы сағат жетіні көрсеткенде еліміздің Әнұраны қосылып, дауыс беру ашық деп жария­ланды. Көп ұзамай-ақ келушілердің қарасы көрінді. №350 сайлау учаскесіне ең бірінші болып 78 жастағы Құрымжан Темірбаев отбасымен келді. Талапқа сай арнайы кабинадан өтіп, дене қызуы тексерілді. Отбасы мүшелері арақашықтықты сақтай отырып, кезекпен сайлау бюллетеньдерін алып, өз таңдауларын жасады. Еңбек ардагері ақ батасын жаудырып «Талап оң болсын. Ауылдың келешегіне алаңдайтын адам жеңімпаз болсын» деген тілегін жеткізді. Ең бірінші болып дауыс берген ардагерге №350 сайлау учаскесінің төрағасы Дәурен Жұбанышев арнайы сыйлық табыстады.
Тұрғындар саяси додаға ұжым болып та, көршілер болып та жиналып ауыл болашағы үшін өз таңдауларын жасады. Ертемен келген сайлаушылардың басым көпшілігі ересектер болғанымен, біршама уақыт өткен соң жастардың да белсенділігі артты. №116 сайлау учаскесіне 20 жастағы жас келін Құндыз Әбілтаева келіп, жас сайлаушы ретінде өз таңдауын жасады.
– Елдің болашағы біз үшін маңызды. Сондықтан сайлауға бей-жай қарауға болмайды. Қатарластарымды белсенді болуға шақырамын, – деді жас сайлаушы.
Сондай-ақ ақайлықтар үйден де да­уыс берді. Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмаған 12 тұрғынға үй жағдайында таңдау жасауына мүмкіндіктер жасалды. Оған арнайы мамандар мен комиссия мүшесі, байқаушылар жылжымалы жәшікпен барды. Соның бірі – Тоты Қонысбаева. Ол бұл сайлаудың әділ өтетініне сенім білдіре отырып, өз таңдауын жасап, қызметкерлерге сәттілік тіледі.
Сайлауға дауыс берушілердің қатарында ең алғашқы рет саяси науқанға қатысушылар да бар. 18 жасқа толған ақайлық тұрғын Ержан Кеңесбаев №116 сайлау учаскесінде өзі қалаған үміткерге дауыс берді. Ол Алматы қаласындағы Чайковский атындағы музыкалық колледждің 4 курс студенті. Жас сайлаушы дауыс беру кезіндегі сезімін жасырмады.
– Бүгін ауылымның болашағы үшін таңдау жасадым. Бұрын теледидардан көріп «біз қашан сайлауға қатысып, дауыс береді екенбіз» дейтінмін. Қазір сол күнге жетіп отырмын. Бұл мемлекеттік маңызы бар іс болғаннан кейін аздап қобалжу болды, – дейді ол.
Дауыс беруден соң ең жас сайлаушыға сыйлық табысталды.
Саяси науқанның әділ өтуін қада­ға­лап отырған байқаушыларды да сөзге тарттық.
– Дауыс беру таңғы жетіден басталды. Сайлау әділ әрі ашық, заң талаптарына сай, карантиндик талаптарды сақтай отырып жоғары дәрежеде өткізілуде. Тұрғындар белсенді қатысып, ауыл болашағы үшін таңдауын жасауда. Бар­лығымыз үшін де таңдауымыз қайыр­лы болғай. Сайлау учаскесінде еш­қандай заң бұзушылық пен кедергілер тіркеліп жат­қан жоқ, – дейді №350 сайлау учаскесінің байқаушысы Зарина Ниязбаева.
Саяси науқан Қазақстан Рес­пу­бликасының заңнамасына сай өт­кізілді. Аудандық сайлау комиссиясының де­р­егі бойынша №116 және №350 сай­лау учаскелерінде 3410 сайлаушы тір­кел­ген. 25 шілде күні тізімге ен­гізілген сайлаушылардың 2854-і, яғни 83,7 пайызы дауыс берген. Сайлау бюл­летеньдерінің жалпы санынан 19 сайлау бюллетені жарамсыз деп та­нылған. Дауыс беру нәтижесінде Эльмира Қазиеваға 1697 (61,20 пайыз), Нұрбол Мырзабаевке 449 (16,19 пайыз), Жеткерген Қалымбетовке 627 (22,61 пайыз) да­уыс берілген. «Сайлауды өткізу барысында құқық бұзушылық әрекеттер мен сайлау процесіне кедергі келтіру фактілері орын алған жоқ. Сайлау санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылды» дейді сайлау учаскесінің төрағалары.
Республика көлемінде ең алғаш рет ұйымдастырылған сайлаудың мұндай түрі алғашқы тәжірибе, әрі маңызды қадам. Елдің сенімін арқалап, көп дауыс жинаған үміткердің ел болашағы үшін аянбай еңбек етеріне сенім мол.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ,
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ
(суреттер)
27 шілде 2021 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031