» » Көк тудың желбірегені

Көк тудың желбірегені

Жаңа тарихымыздағы ерекше маңызды оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінің белгіленуі. Осы ретте, Байқоңырлық тұрғындар Тәуелсіздігімізді айқындайтын мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті. Атаулы мерекеге орай Гимін шырқатылып, салтанатты жиын өтті.
Еліміздің көк байрағы бейбіт аспан астында желбіреп, халқымыздың рухы, болашаққа деген арманы асқақтап, әлемге таныла берсін!
Биыл сол Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толып отыр. Бүгінде өткенге салауат, келешекке аманат етер Гимніміз, халқымыздың тарихи жолын, туған еліміздің тұрмыс-тіршілігін, ұлтымыздың салт-дәстүрін паш етер Елтаңбамыз, қолымызда желбіреген Көк байрағымыз бар.
Патриоттық сезімді нығайту мақсатында ұйымдастырылған жиынға 200-ге жуық адам қамтылды. Олардың қатарында ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық келісім орталығы, қалалық аналар кеңесі, байқоңыр қалалық көпбейінді аурухана қызметкерлері, білім мекемелері, халық банкі қызметкерлері, прокуратура, соттар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, шекарашылар, жұмыспен қамту орталығы, ішкі істер министрлігінің өкілдері, аманат партиясының өкілдері, жастар болды.
Қатысушылар Байқоңыр қаласының қақ ортасындағы көшерлермен екі шақырым жолмен жүріп өтіп, жастар «Көк тудың желбірегені» әнін хормен орындады.
Бұдан бөлек, мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы бейнеленген сандық көрініспен қорытындылады.
04 маусым 2022 ж. 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930