Әскерилердің зейнетке шығу жасын 5 жылға созуға болады - министрлік
«Әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге орай, әскери қызметшілердің зейнетке шығу жасын 5 жылға созуға болады. Бұл туралы онлайн-брифингіде Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы полковник Қайыржан Бимолдин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Үкімет бекіткен ең басты норма - барлық әскери қызметшілер мемлекеттік бюджет арқылы зейнетақы тағайындау жүйесіне көшті. Бұрын 2016 жылға дейін жинақтау жүйесінде болғанбыз. Бұл - өте жақсы жетістік деп ойлаймын. Зейнет жасы бойынша ұзарту «Әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда қарастырылған. Биыл ол заңға өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, әскери қызметшінің жасын 5 жылға дейін созуға болады», - деді Қайыржан Бимолдин.
Сондай-ақ, орталық бастығы әскери қызметшілердің зейнетақысы қалай есептелетінін де түсіндіріп өтті.
«Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау нормалары «Қазақстан Республикасының Зейнетақы туралы» заңында қарастырылған. Ол әскери қызметшінің еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нақты айтсақ, егер 25 жыл еңбек өтілі болса, әскери қызметшіге 50 пайыз зейнетақы тағайындалады. Ал 25-тен астам әр жылға 2 пайыздан қосылып отырады. Мысалы, 30 жыл еңбек өтілі бар әскери қызметшіге өзінің алып отырған жалақысының 60 пайыз зейнетақы тағайындалады», - деді ол.
Айтуынша, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде министрліктің әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру процестері автоматтандырылған.
«Оның ішінде зейнетақы тағайындау, қайта қарау, жаңғырту процестері автоматтандырылды. Бұрынғы жүйе бойынша мұның бәрі қолмен істелінетін. Зейнетақы төлемдерінің көшірмелері пошта арқылы жіберілетін. Бүгінде интеграциялық жүйе бойынша бірнеше секундтың ішінде жетеді. Бұрын тағайындау туралы құжаттар 2 айдың ішінде поштамен барып жатса, қазір екі жұма, бір айдың ішінде іске асатын жағдайға жетті», - деді орталық бастығы.
Еске салсақ, еліміздің бірнеше қаласында әскери оркестрлер шеруі өтті.