» » Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығатын жасы ұзарды

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығатын жасы ұзарды

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы 60-тан 60,5 жасқа ұзарады. Бұл туралы «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңда көрсетілген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Заңның 11-бабында әйелдерге зейнетақы төлемдерін тағайындау 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 60,5 жасқа толғанда жүргізіледі деп көрсетілген.
2018 жылдан бастап жыл сайын Қазақстанда зейнетақы жасы кезең-кезеңімен ұзарып келеді. Осылайша, әйелдердің зейнет жас 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 63 жасқа дейін ұлғаяды.
1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шілдеге дейін радиациялық қауіпті аймақтарда 5 жылдан кем емес өмір сүрген әйелдер 45 жасқа толғанда зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
Бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, 2022 жылы 2,3 миллионға жуық зейнеткер ынтымақты зейнетақы мөлшерін 7 пайызға, базалық зейнетақы төлемін 5 пайызға арттырады.
02 қаңтар 2022 ж. 665 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 304
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 758

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930