» » Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы өсті

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы өсті

2021 жэылдан бастап елімізде ер адамдар 63 жаста, әйел адамдар 60 жаста зейнетке шығады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңда әйелдердің зейнеткерлік жасын 2018 жылдан 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде, 6 ай сайын арттыру қарастырылған. 
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, биыл ерлер үшін зейнеткерлік жас 63 жаста, әйелдер үшін - 60 жаста басталады.
Сонымен бірге, зейнеткерлік жастың ұлғаюы қазіргі уақытта зейнетақыны ерте алуғақұқығы бар әйелдерге әсер етпейді:
– 5 немесе одан да көп бала туып (асырап алып), оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер - 53 жаста;
– Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 5 жыл өмір сүрген әйелдер - 45 жаста.
Әйелдер үшін жұмыс істемейтін ананың балаларына күтім жасаған уақытын, бірақ әр бала 3 жасқа толғанға дейін, барлығы 12 жыл шамасындағы уақытын зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне есепке алу бойынша жеңілдік сақталды.
Сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеткілікті жинақталған зейнетақы қаражаты бар ҚР азаматтары зейнетақы аннуитеті құқығын пайдалана алады.
Зейнетақы аннуитеті ерлер үшін - 55 жас, әйелдер үшін - 51,5 жас мөлшерінде белгіленген. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар 50 жастан бастап зейнетақы аннуитетін пайдалана алады.
Осылайша 2027 жылы қазақстандағы әйелдер де 63 жасында өзінің жұмыс жолын толығымен аяқтамақ.  Мұндай өзгеріс қазіргі таңда 1960 пен 1964 жылдар аралығында туған қазақстандық азаматшаларға қатысты. 
2018 жылдың 1 қаңтарында әйелдердің зейнет жасы 58,5 жылды құрады. 
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер 59,5 жаста шығатын болады. 
2027 жылға қарай қазақстандық әйелдер 63 жаста зейнетке шығады. 
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 60,5 жас;
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 61 жас;
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 61,5 жас;
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 62 жас;
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 62,5 жас;
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 63 жас. 
Осыған дейін депутаттар зейнетақы жасын төмендету туралы мәселе көтергенболатын. 
"COVID-19-дың жақындап келе жатқан екінші толқыны аясында, коронавирустың мутациялану қаупінің артуы, басқа да қауіпті вирустар штамдарының пайда болуы жағдайында қауіп-қатерге ұшыраған қарт азаматтарды қорғау және олардың өзін-өзі қалыпты оқшаулауы үшін барлық жағдайлар жасау өте маңызды. Азаматтардың пікірін негізге ала отырып, біздің азаматтарымыздың зейнетке шығу жасын азайтуды және оны әйелдер мен ерлер үшін 60 жастан бастап айқындауды ұсынамыз", - деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров. 
01 қаңтар 2021 ж. 1 092 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031