» » Қызылордадағы әскери бөлімде ашық есік күні өтті

Қызылордадағы әскери бөлімде ашық есік күні өтті

Қызылордагарнизонындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысқан ашық есік күні іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – жеке құрамның отбасы мүшелерін әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныстыру, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық рухтағы сананы ояту болды.Бөлім командирінің ұйымдастыруымен орын алған шарада бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары,аға лейтенант Ақылбек Болат әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен ашық сұхбаттар жүргізіп,бөлім аумағындағы барлық әскери нысандармен таныстырып жәнеәскери бөлімде қызмет жасап жүрген ел қорғау саласындағы туыстарына түсіністікпен қарауға шақырды. Әскери бөлімдегі негізгі лауазымды тұлғалар қонақтардың бөлімдегі қызмет пен тіршілік жайлы сұрақтарына жауап берді.
- Менің әкем Отан қорғаушы. Бүгін осы аталған шара барысында әкемнің жұмыс орнымен таныстым. Әскери сала өте қызықты екен. Әскерге деген талпынысым да арта түсті. Алайда, Отан қорғау жауапты іс екенін де түсіндім, - дейді бөлімдегі әскери қызметшінің ұлы Әлихан Қаныбек.
Әсіресе, әскери бөлім аумағына орнатылған заманауи үлкен батут пен ондағы ертегі кейіпкерлері келген әскери қызметшілердің балалары үшін аса қызығушылық туғызды. Іс-шара соңында әскерилердің ата-аналары мен жұбайлары жиынның қызықты ұйымдастырылғаны, маңызды мәселелер мен көкейдегі сұрақтарына жауап тапқандарын айтып, бөлім басшылығы мен жауапты салада жүрген әскери қызметшілердің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант  Мұхит Қонаров
09 тамыз 2021 ж. 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 986
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 665

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031