» » Салауатты өмірді қалыптастыру онкүндігі өтті

Салауатты өмірді қалыптастыру онкүндігі өтті


Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлімде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен нормаларды сақтай отырып, «Біз салауатты өмірді таңдаймыз» атты онкүндік аяқталды.
Онкүндіктің негізгі мақсаты – бөлімде ас мәзірін қадағалау, медициналық және киім-кешекпен қамтамасыз етуді реттеу, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды дұрыс сақтау жәнеәскери ұжымда салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Онкүндік кезінде жоспарға сай аталған тақырыптарға байланысты бөлім жеке құрамымен теориялық және тәжірибелік түсіндірме сабақтары жүргізілді.
Шара барысында әскери қызметшілерге қызметтен тыс отбасылық жағдайында да санитарлық талаптарды дұрыс сақтау, отбасының әрбір мүшесі үшін салауатты өмір салтын қалыптастыру сияқты әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларының нұсқаулары өткізілді.  
- Жоспарға сай бөлім жеке құрамымен тиісті түсіндірме сабақтары ойдағыдай ұйымдастырылды. Өтіп жатқан онкүндік әсерінен әскери қызметшілердің эпидемиологиялық нормаларды дұрыс сақтауына жәнеұжымда салауатты өмір салтын қалыптастыруына сенімім мол, - дейді әскери
бөлімнің идеология және арнайы насихаттау жөніндегі аға офицері,майор Батырбек Әбдірәсілов.
Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын тауып, бөлімнің жеке құрамымен онкүндіктен тыс сабақтар да өткізілу жоспарлануда.
Лейтенант  Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
02 тамыз 2021 ж. 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031