» » Бірлік – ұлы күш

Бірлік – ұлы күш

Сан ұлтқа сая, татулықтың тұрағы болған қасиетті Қармақшы жерінде ырысты ынтымақ күні айрықша мерекеленді. Орталық алаңға жиналған жұртшылық бірлік тойында бір-біріне ақжарма тілектерін білдірді. Ал аудан өнерпаздары әдемі ән-жырдан шашу шашты.
Қармақшылықтарды достықты дәріптеген мерекемен аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
Салтанатта түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық биі насихатталып, рухты, мағыналы әндер мамыражай мейрамның мерейін тасытты.
Сондай-ақ айтулы күнде аудан жастарының қатысуымен арқан тартыс, асық ату, гір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, ұлттық қолөнер бұйымдарынан арнайы көрме ұйымдастырылды.
Думанды іс-шараны еңкейген қартынан еңбектеген баласына дейін тамашалаған жерлестеріміз бен мереке қонақтары бірлік күнін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
Сонымен қатар мерейлі мереке қарсаңында аудан тұрғындары үшін төмен бағада жәрмеңке өткізіліп, балалар жылына орай белсенді жастар мен «Демеу» еріктілер тобының ұйымдастыруымен көпбалалы отбасылардың балаларын тегін ойын-сауық орталығына апарып, жас бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі.

«Қт» ақпарат
04 мамыр 2022 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 170
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031