» » » Аудан әкімі мерекемен құттықтады

Аудан әкімі мерекемен құттықтады

ҚҰРМЕТТІ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» дейді дана халқымыз. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде ғана нәтижелі істердің болатыны белгілі.
Сан ұлтқа сая болған Сыр елінің қасиетті Қармақшы ауданы халқының ауызбірлігі мен татулықты ту еткен ынтымағы ұрпаққа үлгі, болашаққа өнеге.
Бүгінгі таңда игілікті бастамаларды мақсат еткен аудан тұрғындары ел экономикасының өркендеуіне, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне үлес қосып, ертеңгі күнге деген зор сеніммен еңбек етуде.
Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, әрбір отбасына амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін.
Бір тудың астында, бір мақсатты көздеген аудан халқының достығы жарасып, Қазақ елінің даңқы арта берсін!
Әрдайым бiрлiгiмiз бен татулығымыздан танбай, болашаққа бiрге қадам баса берейiк.
Мереке құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Қармақшы ауданының әкімі Әділбек ЕРСҰЛТАНОВ


01 мамыр 2022 ж. 754 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 528
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031