» » Қауіпті ойыншықтар: Жаңа жылда балаға не сыйлауға болмайды

Қауіпті ойыншықтар: Жаңа жылда балаға не сыйлауға болмайды

Ресейлік дәрігер балаларға сыйлауға болмайтын сапасыз ойыншықтарды қалай ажыратуға болатынын айтып берді. Сонымен қатар маман ата-аналарды ұсақ бөлшектері бар құрастырғыштармен абай болуға шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.

ойыншық
Мәскеу денсаулық сақтау департаменті тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша штаттан тыс маманы Андрей Тяжельников ұсақ бөлшектер мен магнитті шарларды жұтып қойған жағдайлар жиі болғанын айтты. 
"Ас қорыту жүйесінде олар бірігіп, денсаулыққа қауіп төндіреді. Осы себепті кез келген ұсақ және өткір бөлшектері бар құрастырғыштарды қатерлі деуге болады. Кішкентай балалар барлығын ауызға салуға дайын, сондықтан ойыншық таңдауда абай болған жөн", – деді дәрігер. 
Тяжельниковтің сөзінше, сапасы төмен резеңке, пластмасса және жұмсақ ойыншықтардың құрамында күшала, қорғасын және сынап қосындылары болады екен.
"Сапасыз ойыншықты өткір химиялық иісінен, ашық түстерінен ажыратуға болады. Кепілдік үшін сатушыдан сапа сертификатын сұраған жөн. Егер ойыншықты туыстары сыйласа, қай жерден сатып алғанын білу артық етпес", –  деп қосты ол. 
Сонымен қатар дәрігер тәжірибе жасауға арналған балалар жиынтығы болатынын айтады. Олар бала денсаулығына зиян тигізбейді, алайда дұрыс пайдаланбаса өмірге қауіп төндіретінін ескертті. 
"Ататын және ұшатын ойыншықтар баланы жарақаттауы мүмкін. Әрине, дамытуға арналған ойыншық пайдалы, дегенмен ойнау барысында баланың жанында болып, бақылаған дұрыс. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, ойыншықты сәл өскен соң беріңіз", – деп түсіндірді дәрігер. 
Егер ойыншық бала өміріне қауіп төндіреді деп күдіктенсеңіз, ойнау барысында бақылап отырған абзал. Ал туысқандарға балаға қандай ойыншық сыйлауға болатынын алдын ала айтып қойған дұрыс, 
27 желтоқсан 2021 ж. 670 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930