» » Улы ойыншықтардың қаупінен қалай сақтанамыз?

Улы ойыншықтардың қаупінен қалай сақтанамыз?

© Tengrinews.kz

Балаларға арналған ойыншықтар қауіпсіз ба, оларды улыдан қалай ажыратамыз, ағзаға қауіпті химиялық заттарды қалай аңғарамыз, сапалы ойыншықты қалай таңдаймыз осының барығын сарапшы Tengrinews.kz тілшісіне баяндап берді. 
Тұрмыстық химия және химиялық өнімдер бойынша сарапшы Гүлмира Садырова сатып алу кезінде ең бірінші тауардың түсі мен иісіне мән беруге кеңес берді. Түсі киімге жұқпау керек болса, екіншінің иісі өткір болмауы керектігін айтты. 
"Өткір иіс болса, бірден химиялық қосындысы барын аңғаруға болады. Сондай-ақ, ойыншықтың бетін қағазбен сүртіп жіберсең, түсі кетіп қалатын ойыншықтардан аулақ болу абзал. Демек, ондай ойыншықтар 100 пайызға сапасыз екенін көрсетіп, баланың денсаулығына зиян тиетіні белгілі. Алайда балалардың денсаулығына дәл қалай әсер ететінін ешкім білмейді. Мүмкін бет терісіне аллегрия шығады, мүмкін асқазан ауырады", -дейді Гүлмира Садырова. 

Ойыншықтың қағазында міндетті түрде қанша жастағы балаға бұл тауармен ойнауға болады, қауіпсіздік кеңестері, шығарылған күні болуы керек. Оған қоса, тауарды қандай компания шығарғаны, Қазақстанға әкелген сатушы компанияның мекенжайы көрсетілсе, тауар сенімді дегенді білдіреді. 
Ақпарат қазақ немесе орыс тілінде болады. Сарапшының айтуынша, улы ойыншық қытайша немесе ағылшынша жазылып тұрады екен. Тауардың улы  екенін бірден дүкеннен тексеруге болады. Ол үшін көрсетілген ұялы нөмірді теруі керек.
Ойыншық бетіндегі үшкір, өткір бөліктері минус болып саналады. Сатып алар кезде сатушылардан тауардың сертификатын талап етіңіз. Ол ойыншықтың қауіпсіз екенін дәлелдейді. Алайда статистика бойынша көп ата-ана балаларына базардан арзан бағаға сатып алуды жөн көреді екен.

"Меломан" компаниясының бас директоры Вадим Голенконың бағалауынша, нарықта контрафакт бар және оны кей жерде жасырын түрде сатады екен. 
"Біз өкіметке балалар тауарын сататын жерлерді белгілеп қоюын талай рет талап еттік. Себебі Қытайда ойыншықтар қалай жасалатынын бәріміз білеміз. Зауыттың артындағы арықта киім жуса, сол жерде ойыншықтарды жасай береді...
Олардың басты мақсаты - ақша табу. Ол іспен көбіне балаларға қолын сілтеген кәсіпкерлер айналысады. Ол кәсіпкерлердің басты мақсаты  - балалар үшін жауапкершілік алу. Ата-ана мен баланы қауіпті ойыншықтан сақтау керекпіз. Біз сатып отырған тауарымыз үшін жауапты болуымыз керек", -дейді дүкен өкілі.
Арнайы Tengrinews.kz оқырмандары үшін "Меломан" қызметкерлері LOL ойыншығын контрафакт, яғни улыдан  қалай ажыратуға болатыны жайлы видеонұсқаулық түсірді. 
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында Шығыс Қазақстан облысында Денсаулық сақтау комитетінің өкілдері балалардың денсаулығына қауіп төндіретін ҚХР-ның қуыршақтарын анықтаған еді. Ойыншықтардың құрамында фенол мен формальдегидтің қоспасы бірнеше есеге асып кеткенін аңғарған. Ол қуыршақтың өндірушісі YiliHansonTradeLogistics Co., Ltd Қытай компаниясы болып шыққан. Ал ол ойыншықтарды Қазақстанға ресейлік сертификаттандырылған тауар ретінде әкелген. 
https://kaz.tengrinews.kz/article/983/
25 қыркүйек 2018 ж. 1 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031