» » Шашты қалай түзу етуге болады?

Шашты қалай түзу етуге болады?

Қазір шашты түзеудің түрлі тәсілдері бар. Қаласаңыз, толқынды бұрымыңызды бір күнге, не ұзақ мерзімге жібектей түзу ете аласыз. Егер бұйраңызды бір күнге ғана түзеткіңіз келсе, термикалық әдісті қолданыңыз (ыстық тарақ, «үтік» не қысқыш). Бір аптадан артық уақытқа жететін берік нәтиже алу үшін химиялық түзеткішті қолдану қажет. Енді әрқайсысына толығырақ тоқталайық.                               Термикалық әдіс Шашты жоғары температурамен өңдеу арқылы қысқа мерзімге түзу етуге болады. Ыстық фен және дөңгелек үлкен тарақ - мұндай әдістің таптырмас құралы. Оларды қолдану тәртібі: тарақты сулап, шашты бірнеше бұрымдарға бөліп, әрқайсысына ыстық ауаны бағыттай отырып, шаштың түбінен бастап тартып тараймыз. Алайда тас бұйра, не қатты шаштар үшін бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Ондай жағдайда арнайы ыстық «үтікті» қолдануға тура келеді. Олар шашты қысып ысыту арқылы түзу қылады. Металл «үтіктер» мен қысқыштар әдетте шашты зақымдайды. Ал керамикалық «үтіктер» сәл жұмсақ ысыта алады. Оның жылуы пластиналардың ұзына бойына тарап, шаштың сабағына кері әсерін тигізбейді. Химиялық құралдар Химиялық құралдарды қолдана отырып, шашты ұзақ мерзімге түзу етуге болады. Оның әсері шаштың толық қайта жаңаруына дейін дерлік, яғни шаш түбінен толық ұзындығына дейін өскенше жетеді. Осы күнде негізінен үш химиялық түзету құралы қолданылады. Бірінші кезекте натрий гидрототығын қарастырайық. Бұл қоспа сілтілі, айтарлықтай агресивті сипатқа ие. Ол шаштың сабағына оңай еніп, оны шамалы дүмпите отырып, шашқа жұмсақтық береді. Нәтижесінде шаш көлемді, жібектей түзу болып шығады. Алайда натрий гидрототығы арзан және тиімді түзету құралы болғанмен, оны жиі қолдану шаш күйіне кері әсер етеді.       Гуанидин гидроксидінің химиялық әсері жұмсағырақ деп есептелінеді және сілтісіз түзету құралына жатады. Дегенмен, шыны керек, кей мамандар бұл қоспа шашты құрғатады деген ойда. Ал ең жұмсақ және зияны аз түзету құралы ретінде аммоний тиогликолят танылған. Ол қымбат болғанымен, ең сапалы препараттар қатарына қосылып отыр. Бұл құралдардың қай-қайсысы болса да, шаштың құрылысын бұзу арқылы ғана оны белгілі бір мерзімге түзей алады.      Сұлулық салонында шашты қалай түзу етеді? Кәсіби шаштараз шашты қарап, әсері дәл сол шаштың сипатына ең тиімді келетін түзету құралын таңдайды. Түзету құралдарымен қатар, шаш қалпын жақсартатын түрлі косметикалық өнімдерді қолданған жөн. Ол мұндай процедурадан кейін шаштың тез қалпына келуіне септігін тигізеді. Жоғарыда айтылған сәндеу құралдары мен тәсілдерінің барлығы шашты бүлдіретінін есіңізден шығармай, шашты сәндеумен қатар, түрлі маска, майларды қолданып, күтуді де ұмытпаңыздар.       

07 шілде 2018 ж. 2 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031