» » Жасанды шырша қауіпті ме?

Жасанды шырша қауіпті ме?

Мәскеу Денсаулық сақтау департаментінің ересек тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша штаттан тыс бас маманы Андрей Тяжельников жасанды шыршаның қаупін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Дәрігер аллергиясы бар адамдар шыршаны орнату алдында оны жуып, құрғатуы керек екенін айтты.
“Жаңа жыл, өкінішке қарай, аллергиямен ауыратындар үшін қиын уақыт. Өйткені, барлық дәстүрлі атрибуттар аллергия тудыруы мүмкін. Шырша және басқа да қылқан жапырақты өсімдіктер.Мұның себебі тозаңда, шайыр мен эфир майларында болады. Синтетикалық шыршалар аллергияны одан да жиі тудырады, өйткені бәрі бірдей сапалы және қауіпсіз материалдардан жасалмайды. Егер ағаш бір жыл бойы өте тығыз сақталмаса, онда шаң да, шаң кенелері де өосылады”, – деді Андрей Тяжельников.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бөлмені жиі желдетіп, шыршаға жақындамау және ұстамау керек. Жасанды ағашты сатып алғанда, сертификаттарды сұрап, оның құрамын зерттеу қпжет. Маманның сөзіне қарағанда, шырша әшекейлері де аллергия тудыруы мүмкін, сондықтан иісі күшті ойыншықтарды таңдауға болмайды.
Сонымен қатар, ол мерекелік үстелде де аллергендердің көп екенін атап өтті.
“Цитрустық жемістер тізімде бірінші орында тұр. Кеңес заманынан бері оларды жаңа жылға қораптармен сатып алу дәстүрі пайда болды. Аллергия ананас пен жидектерден туындайды. Келесі – жаңғақтар, шоколад, какао. Дәстүр бойынша, жаңа жылдық дастарханға көптеген салаттар дайындалады. Жұмыртқа мен тауық сияқты танымал ингредиенттер де аллергия тудыруы мүмкін”, – деді Андрей Тяжельников
Дәрігердің айтуынша, аллергендер тізіміне теңіз өнімдері де кіреді.
“Мен жаңа жылдық мәзірді мұқият таңдауға кеңес беремін. Егер дайын тағам сатып алынса, онда құрамын мұқият зерделеу керек”, – деді маман.
26 желтоқсан 2021 ж. 427 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031