» » Ауданда табиғи газға қосылу жұмысының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды

Ауданда табиғи газға қосылу жұмысының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды

Аудан әкімдігінің бастамасымен «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК басшысының орынбасары Б.Ысқақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов, Қоғамдық кеңес төрайымы К.Раева, ардагерлер және сала мамандары мен мердігерлердің қатысуымен жиын өтті.
Күн тәртібінде Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстарының бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды.
Жиында Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге табиғи газ орнату жұмыстарын атқарып отырған 7 мердігер мекеменің қызмет көрсету ақысы әртүрлі бағада болуына байланысты, ардагерлер мен қоғам белсенділері тарапынан ескертулер жасалды.
– Бағаны шектен тыс қойып, қолдан қымбатшылық жасауға жол жоқ. Мердігерлер, Сіздер өз мүдделеріңізді ғана ойлап қоймай, халыққа қолжетімді баға ұсынып, елге адал қызмет жасаңыздар. Ертең халықтың алғысын аласыздар. Тұрғындардың қаіпсіздігі үшін жұмыстарыңызды жауапкершілікпен атқарыңыздар, –деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов.
Жауапты мердігерлер өз кезегінде қажетті техникалық жабдықтардың дүкендегі бағасының қымбатшылығын, оның үстіне жеткізу ақысы қосылатындығын және тиісті құжаттарды рәсімдеуге кететін шығындарды айтып, қызмет ақысын бағамдады.
Сондай-ақ, жиын барысында тұрғын үйге, газ жүйесі орнатылғаннан кейінгі құжат рәсімдеу жұмысының ұзақ уақыт алатынына байланысты қазіргі кезде ауа-райының суытуына сәйкес құжат рәсімдеу жұмысын жеделдету мәселесі ұсыныс ретінде айтылды.
Жиын соңында табиғи газге қосылу бойынша өзекті мәселелер туралы ардагерлер мен мердігерлер тарапынан қойылған сұрақтарға «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК басшысының орынбасары Б.Ысқақов жауап берді.

07 қараша 2021 ж. 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930