» » Көгілдір отын – көптің қуанышы

Көгілдір отын – көптің қуанышы

Аудан басшысы Қайрат Ырзақұлұлы және «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК басшысының орынбасары Бекнұр Ақылбекұлы Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстарын пысықтады.
Қазіргі таңда, Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге газ орнату жұмыстарын 7 мекеме атқаруда. Бүгінде 1310 тұрғын үй газ желісін қосуға өтінім тапсырып, 908 отбасы көгілдір отынның игілігін көруде.
Әлеуметтік нысандар бойынша 27 нысаннан өтінім түсіп, 2 нысан табиғи газға қосылды.
Сондай-ақ, 6 мекеменің жылу қазандықтары табиғи газге бейімделіп, құжаттары рәсімделуде.
№105 мектеп-лицейі, №30 орта мектебі, аудандық денешынықтыру кешені, аудандық өнер мектебі және «Шипагер» емханасының бу қазандықтарын табиғи газге ауыстыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Орталық аурухана мен емхананың бу қазандықтарын табиғи газға қосылуға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Одан бөлек, Жосалы кентіндегі жобадан тыс қалған үйлерді газ желісіне қосу жұмыстары жалғасуда.
Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздік» ықшам ауданының тұрғын үйлеріне газ желілерін жеткізу үшін жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, сараптама қорытындысын алу жұмыстарына қажетті қаржы бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

07 қараша 2021 ж. 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031