» » Облыс әкімі: «Жақын арада Жосалы және Жалағаш кенттері табиғи газға қосылады»

Облыс әкімі: «Жақын арада Жосалы және Жалағаш кенттері табиғи газға қосылады»




Биыл Қызылорда облысындағы Тереңөзек кенті көгілдір отынға қосылды. Ал, жақын арада Жосалы және Жалағаш кенттері табиғи газға қосылады. Бұл туралы Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы есепті кездесуінде айтты.
Аймақ басшысының айтуынша, бүгінде облыс халқының 97 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен, 65 пайызы табиғи газбен қамтылған.
2020 жылы 16 елді мекенде су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңғырту бойынша жалпы құны 4 млрд. теңге болатын 27 жоба жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде100 мыңнан астам адам таза ауыз сумен қамтылған.
«Биыл ақпан айының басында Тереңөзек кентін газға қостық. Жақын арада қалған 2 аудан орталығы – Жосалы және Жалағаш кенттерін «көгілдір отынға» қосамыз», – деді облыс әкімі.


17 ақпан 2021 ж. 901 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 007
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 622

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031