» » ЖЕРГІЛІКТІ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ АРТАДЫ

ЖЕРГІЛІКТІ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ АРТАДЫ

Облыс әкімдігінде облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы мұнай және уран өндіруші компаниялары басшыларының қатысуымен мәжіліс өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Е. Ким төрағалық етті. Бұл туралы облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады.  Жиында аймағымыздың жер қойнауын пайдаланушы компаниялар төңірегінде сервистік бағытты дамыту үшін қолайлы бәсекелестік орта қалыптастыру мәселелері талқыланды. Нәтижесінде шағын және орта бизнестің дамуына қолдау мақсатында облыс әкімдігі мен жер қойнауын пайдаланушы компаниялар арасында жергілікті қамту үлесіндегі мақсаттық индикаторларын белгілеу жөніндегі өзара түсіністік туралы ұзақ мерзімді келісімге қол қойылды. Бұл өз кезегінде жергілікті атқарушы биліктің кәсіпкерлерге жасап отырған қолдауын білдіреді. Соңғы жылдар бедерінде облыстық әкімдік тарапынан орта және шағын бизнестің дамуы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Бұл кәсіпкерлердің өз жұмыстарын жандандыруға мол мүмкіндік екені анық.
06 сәуір 2018 ж. 901 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 803
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 091

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930