» » КӨСЕГЕҢ КӨГЕРСІН, «КӨГІЛДІР ОТЫН»

КӨСЕГЕҢ КӨГЕРСІН, «КӨГІЛДІР ОТЫН»

   Сыр өңірінде газдандыру мәселесі жоғары деңгейде жүргізіліп келеді. Бүгінде облыс орталығы – Қызылорда қаласы мен бірқатар аудандарда «көгілдір отын» әрбір шаңырақта маздап жанып, келелі істің көкжиегін кеңейте түсті. Сондай-ақ, Қызылорданың тап іргесіндегі Қызылжарма, Тасбөгет, Белкөлде де жергілікті тұрғындар үйлеріне газ құбырын тартып, бұл мәселе түбегейлі өз шешімін тауып отырған жайы бар. Былтыр облыс әкімінің ел алдындағы есепті кездесуінде «облыс орталығына қарайтын Қарауылтөбе, Қосшыңырау, Ақсуат, Қызылөзек ауылдық округтерін табиғи газбен қамтамасыз ету қалай жүргізіледі?» деген сауал қойылған еді.

Әрине, жылдан-жылға елдің жағдайы жақсарып келеді. Бұрын жергілікті тұрғындар жол мәселесін, электр қуаты жәйін қозғап жатқанын көзіміз көрді. Бүгінде олардың барлығының дерлік түйіні тарқатылды. Ендігі кезекте көпшіліктің өзгелер секілді заманға сай тұрмыс-тіршілігімізді түзесек деген ойы бар. Аталмыш сауалға байланысты облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Қызылорда қаласының әкімдігі ілкімді істерді қолға алды. Мамандар бізге бұл орайда мынадай мәліметтерді келтіреді. 2013 жылы облыстық бюджет есебінен Қарауылтөбе газ жеткізуші құбыр және елді мекеннің кварталішілік газ бөлу желілерінің құрылысы жобасы әзірленді. Осыған сәйкес 2016-2017 жылдарда оны жүзеге асыру үшін облыс әкімдігі тарапынан орталық атқарушы органдарға бюджеттік өтінімдер жіберілген. Екі жылдай бұрын жобаның мемлекеттік сараптамадан өткізілген жоба-сметкалық құжатының жарамды мерзімі аяқталуына байланысты ол 2017-2019 жылдары қаржыландыруға ұсынылған жоқ. Осыған байланысты аталмыш елді мекенді газдандыру үшін жоба-сметкалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға облыстық бюджеттен 24,7 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды.
  Ал Қызылорда қаласындағы Ақсуат елді мекені және оған қарасты «Наурыз» мөлтек ауданын газдандыруға мемлекеттік сараптамадан өткізілген жоба-сметалық құжаттамасыз әзірлеуге облыстық бюджеттен 10,3 млн. теңге қаржы бөлінді. «Қалған елді мекендерді газдандыру мәселесі кезең-кезеңімен мүмкіндігіне қарай қаралатын болады» дейді мамандар.

12 ақпан 2018 ж. 1 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031