ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аталған стратегия 2013 жылы бекітілген болатын. Ресей ғылым академиясының академигі Абел Аганбегян мен Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы ғылыми кеңесінің мүшесі Сергей Календжян Стратегияны әзірлеген Қазақстан-Ресей бірлескен жұмыс тобының отырысына қатысты. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Облыс әкімдігінде Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Онда қатысушылар жоспарды іске асыру мәселелерін және жүзеге асырудың одан арғы қадамдары туралы ойларын ортаға салды.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың желтоқсанында Ресей ғылым академиясының академигі Абел Аганбегян жетекшілік жасаған қазақстандық және ресейлік ғалымдар мен мамандардың қатысуымен әзірленген Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы қабылданған болатын.
Стратегияны жүзеге асырудың аралық нәтижелері екі жыл сайын қорытындыланып отырады. 2016 жылы Абел Аганбегян өңірге келіп, «Қызылорда айтарлықтай өзгерді, дегенмен әлі де көп жұмыс істелуі керек және болашаққа деген үміт бар», - деп өңірдің дамуына оң баға берген болатын.
Кездесуді ашқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймақтың даму қарқынын көрсететін барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізгенін атап өтті. Соңғы 5 жылда мұнай өндірісінің 2 есеге төмендеуіне байланысты облыс 2017 жылы тек бір ғана көрсеткіш - өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша оң векторға қол жеткізе алмады.
«2013 жылы Даму стратегиясын қабылдаған кезде біздің алдымызға қойған басты міндет – экономиканы индустрияландыру арқылы әртараптандыру болатын. Соңғы бес жыл ішінде облысымызда 50-ден астам өнеркәсіп нысан іске қосылса, оның 16-сы - ірі және орта кәсіпорын. Нәтижесінде, өңдеуші секторда осы кезең ішінде өндірілген өнім көлемі 65 пайызға артса, шикізаттық емес сектордың экспорт көлемі тек соңғы жылдың өзінде 60 пайызға өсті»,- деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, аймақ басшысы өңірдегі кәсіпкерлікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Экономиканың әлемдік турбуленттілігінің сабақтарын ескере отырып, біз болашақтың шағын және орта бизнесте екеніне әрдайым көз жеткізудеміз.Оның үстіне, біздің алдымызда 90 мыңға дерлік өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу міндеті тұр. Осыған байланысты біз 2018 жылды «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» етіп жариялау туралы шешім қабылдадық »,- деді Қырымбек Көшербаев.
Облыс әкімінің орынбасалары мен мемлекеттік органдардың басшылары өңір экономикасының негізгі жетістіктері мен проблемалары туралы айтып берді.
Өз кезегінде, академик Аганбегян аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын жоғары бағалады.
«Соңғы 5 жыл ішінде өте ауқымды жұмыс жүргізілді. Біз бірнеше стратегия жасақтауға қатыстық. Олардың ешқайсысы сіздердікіндей табысты жүзеге асырылған жоқ»,-деді Абел Аганбегян.
Абел Аганбегян аймақ басшылығы экономиканы әртараптандыруда дұрыс шешім қабылдағанын атап өтті.
«Ең маңыздысы, осы орайда өндеу өнеркәсібіне басымдық берілді»,- деді Аганбегян.
«Қызылорда күнде өзгеріп жатыр. Мұны біз әр келген сайын байқап отырмыз. Ең бастысы, осымен тоқтап қалмай, басты салаларды дамыту бойынша жұмыс істеді»,- деді академик.
Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Абел Аганбегян мен Сергей Календжян Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданындағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, Сырдарияның сол жағалауында бой көтеріп жатқан жаңа қаланың құрылысы мен кәсіпкерлікті қолдау орталығының жұмысымен танысты.
"kyzylorda-news.kz"