» » БАУЫРЛАС ЕЛМЕН ҚАТЫНАС НЫҒАЯ ТҮСПЕК

БАУЫРЛАС ЕЛМЕН ҚАТЫНАС НЫҒАЯ ТҮСПЕК

Татарстан Республикасына жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының әкімдігі мен «Иннополис» ЕЭА және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Қазан» агропаркі арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы және индустрия салаларындағы жобаларды жүзеге асыруда тәжірибе алмасу мақсатында Татарстан Республикасына іссапармен барды. Делегация құрамында мемлекеттік орган басшылары және өңірлік компаниялар мен мекемелердің өкілдері бар.
Қазан қаласындағы Инвестициялар агенттігінде Татарстан Республиканың экономикалық әлеуеті таныстырылды. Мұнан кейін сырбойылық делегация «Эйдос» медициналық ғылым орталығының медициналық симуляторларды шығаратын өңірлік инжиниринг орталығының жұмысымен танысты. Орталық 2013 жылы ашылды және жетекші ғылыми-өндірістік ұйымдармен бірлесіп медицина саласындағы жоғары технологиялық зерттеулермен айналысады. Сонымен қатар, қызылордалықтар «Қазан» агроөнеркәсіп паркінің жұмысымен танысты. Заманауи көпфункционалды технологиялық кешенде «фермерден тұтынушыға делдалсыз жеткізу» қағидасына негізделген ауылшаруашылық өнімдерді сату жүйесі енгізілген. Бұл жүйе өндірушіге табысты бизнес жүргізу үшін жағдай жасаса, тұтынушыға сапалы өнімді тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Агропарк аймағында ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер бір алаңқай аясында сақтауға, өңдеуге, қаптауға және сатуға барлық жағдай жасалған.
Сонымен қатар, делегация мүшелері сапардың негізгі нысаны – Қазан қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан «Иннополис» ерекше экономикалық аймақты аралап көрді. Иннополис – ІТ-мамандар үшін 2015 жылы ашылған алғашқы ресейлік қала. «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясында Иннополис тұрғындары жайлы өмір сүру мақсатында инфрақұрылым, бизнес, білім алу, қызмет көрсету және тұрмыстық нысандар салынды. Қазіргі таңда Иннополисте 3 мыңнан астам адам тұрады және 120 компания, оның ішінде «Иннополис» ЕЭА 56 резиденті мен серіктесі тіркелген. Қызылордалықтар «Иннополис» университеті мен лицейінің, проблемалық зертханалар мен енгізілген корпоративтік басқару қағидаларына үлкен қызығушылық білдірді.
Сапар қорытындысымен Татарстан Республикасының бас­шы­лығымен келіссөздер жүргізіліп, облыс әкімі Қ.Көшербаев бірлесіп атқаратын жұмыстар туралы баяндап, Қызылорда қаласында күзде өтетін «Сабантой» республикалық татарлар мерекесіне қатысуға шақырды. Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов та Қызылорда облысымен әріптестік орнатуға қызығушылық білдірді.
Мұнан бөлек, Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев және бірқатар мемлекеттік орган басшылары 16-18 қаңтар күндері Мәскеу қаласында Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында өткен «Гайдар форумына» қатысты.
Форум барысында экономика және сандық технологияларға ауысу, төртінші өнеркәсіп революция кезеңінде трансформациялар секілді бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықты қызықтыратын глобальді трендтер талқыланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл қатысушылар саны форум тарихындағы рекордтық көрсеткішке – 15 мың адамға жетті.
25 қаңтар 2018 ж. 1 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031