» » Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы талқыланды

Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы талқыланды

Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы талқыланды
Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсуге бағытталған халықаралық форум өтті.
Жиында екі ел арасындағы байланыстың жылдан-жылға дамып, нығая түсуіне парламентаралық жұмыстың өз септігін тигізіп отырғаны айтылды. Сонымен қатар 2018-2023 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасының іске асырылу барысы да сөз болды. Сессияда еуразиялық интеграция және адами капиталдың дамуы мәселелері қаралды. Жалпы екі ел өткен жылы ТМД істері жөніндегі комитеттің жиынында еуразиялық интеграциядағы заңнаманың үйлесімін талқылаған болатын. Болашақта бұл бағытта тағы да көптеген жұмыс іске асырылмақ.
Умахан Умаханов, РФ Федералды жиналысы Мемлекеттік думасының депутаты:
- Сәуір айында Санкт-Петерборда өтетін «Еуразиялық экономика» халықаралық форумында Еуразиялық интеграция тақырыбындағы әлі де бірқатар мәселелерді қарастырмақпыз. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайта түсу мәселесі сөз болады. Сонымен қатар цифрлық экономика және миграциялық саясат тақырыбы да қозғалмақ.

01 наурыз 2018 ж. 1 673 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 881
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 133

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930