» » ЕАЭО-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ЕАЭО-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Осыдан жеті жыл бұрын Кедендік одақ құрылады дегенде еліміздің көптеген экономист сарапшысы мен саясаттанушысы қарсылығын танытты. Десе де, үкімет алдын ала келісілген шарттан аттап өтпей, үштік одаққа кірді. Оның арты Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына алып келді.
Сонымен, Қазақстан, Ресей, Беларусь мемле­кет­тері басшылары арасында 2014 жылдың 29 ма­мырында қол қойған келісім негізінде құрылған экономикалық одақты осы мемлекеттер парламенттері бекітіп, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ күшіне енді. Сол жылы одақтас үш мемлекет қатарына Армения мен Қырғызстан қосылды. Ал, енді бұл одақ Қазақстанға не береді деген маңызды сауалға жауап іздер болсақ, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идеяның көшбасшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екенін әлем жұрты жақсы біледі.
Елбасы 2009 жылдың 19 наурызында ресейлік «Известия» газетінде жариялаған «Еуразиялық экономикалық одақ: теория әлде нақтылық» деген мақаласында: «Бүгінде, достастықтың барлық елдері әлемдік дағдарысқа қарсы тұрудың жолдарын іздестіріп жатқанда, экономикалық проблемаларды жеке дара жүріп еңсеруге болмайтынына көз жеткен кезде тағдыр еуразиялық интеграция тұжырымдамасының көкейкестілігін тағы бір рет тиянақтап отыр», – деді.
Санкт-Петербург қаласында өткен ХVIII халықаралық экономикалық форумында Ресей басшысы Владимир Путин : «2015 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одақ заңдық тұрғыда күшіне енуі тиіс. Халқының саны 170 млн. адамды құрайтын Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің ортақ экономикалық нарығы түзіледі. Бұл нарық арқылы капитал, тауар, жұмыс күші мен қызмет көрсету салалары бойынша еркін байланысқа түсеміз. Кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер мол болады. Сондай-ақ, бірлескен инвестициялық және кооперативтік жобаларды іске асыруға, макроэкономикалық саясат келісімдерін жүргізуге, сыртқы нарықты үйлестіруге қол жеткізіледі», – деді.
Расында да, ЕАО – ға біріккелі бері Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері үшін кедендік одақ пен бірыңғай экономикалық кеңістік аймағында өзара сауда-саттық артты. Бұл – 17 млн. адам мекендеген тәуелсіз Қазақстан үшін өте маңызды.
Экономикалық одақ құрудың енді бір ерекшелігі – бұл кезеңде елімізде көлік шығындары біршама азайды. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемдегі ең ірі мемлекет болғанымен, елімізде өндірілетін өнімдерді әлемдік нарыққа жеткізу бүгінде төмен жағдайда, ал теңіз арқылы шетелге шығуда қиындау. Сондықтан да Еуроазиялық экономикалық одаққа мүше елдерде экспортталатын өнімдер арқылы қазақстандық экспортқа шығарылатын тауарлар үшін жаңа мүмкіндіктер туды. Нақтырақ айтқанда, одақтас мемлекеттер арасындағы ықпалдастық кеңестігін құру арқылы ата-баба жолымен бұрыңғы «Жібек жолы» жолы қатынасы аясында пайдалануға берілген «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі жобасы қайта жаңғырту мәселесін жеңілдетті. Еуропа және Азия мемлекеттері тауар өндірушілері ендігі жерде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі арқылы жүктердің аймақаралық тасымалын жеңілдететін бірыңғай кедендік тарифі мен стандарты бар кеңістік құрылатын болады. Ол әрине ел экономикасын өркендетуге септігін тигізді. Сондай жұмыстардың нәтижесінде елімізде өңделген тауарлар үлесі өсті. Міне, мұның бәрі экономикалық ықпалдастықтың оң нәтиже беретіндігін көрсетеді.
Осы ретте, еуроазиялық экономикалық одақ елдері электр қуа¬тының ортақ нарығына қосылудан Қазақстан не ұтады?
– Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жүзеге асырылуы маңызды іс-шаралардың бірі ортақ электроэнергия нарығын, ал одан кейін ортақ энергетикалық нарық қалыптастыру болып табылады. Еуразиялық одақ шын мәнінде экономикалық мазмұнға ие болатын болса, ортақ нарықты қалыптастыру арқылы қатысушы елдер өз өндірушілерін арзан электрэнергия өнімдерімен қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне ие болады. Сондай-ақ, отандық электр қуатын өндірушілер жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Отандық электр қуатын өндірушілер жаңа нарықтарға еркін кіріп, өз өнімділігінің бәсекеге қабілеттігін арттыру мүмкіндігін алады. Ал, ортақ электрэнергия нарығын қалыптастыруда Қазақстанның ұтары – электрэнергия транзиті. Яғни, Қазақстан электрэнергиясы үшінші елдерге еркін жету мүмкіндігіне ие болады, – дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аккредитация, рейтинг және сапаны басқару орталығының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Шыңғыс Ергөбек.
– Біз бірінші кезекте Еуразия кеңістігінде тек ғаламданған интеграция құрамыз. Бұл, біздің елдер мен халықтардың мүдделеріне қызмет ете алады. Бұл түпкілікті қираудан қорғайтын жалғыз жол және болуы мүмкін геосаяси қақтығыстармен әлеуметтік-саяси қатаклизм үшін жалғыз кепілдік бола алады», – деп Елбасы айтқандай, еуразиялық ықпалдасу қазіргі жаһандану жағдайында аса маңызды болып табылады.
Расында да, Еуразия кеңістігінде ТМД елдерінің өзара интеграциялық қауымдастығы әрқай­сысы­ның егемендігі мен қауіпсіздігін сақтауда және өркендеп өсуіне ықпал етеді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
26 ақпан 2018 ж. 1 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031