» » Қазақстанда автомобильдер құны тағы да қымбаттамақ

Қазақстанда автомобильдер құны тағы да қымбаттамақ

Қазақстанда жыл басынан бері онсыз да шамамен 10 пайызға қымбаттаған көліктердің бағасы тағы да өседі. Индустрия министрлігінің ақпарының мәліметінше, салондағы жаңа темір тұлпар құнының шарықтауына кішкентай ғана чиптің жетіспеушілігі басты себеп көрінеді, деп хабарлайды 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасы. 


 26 жастағы Азизбек Еркебаев Шымкент қаласындағы автосалондардың біріне тамыз айында жаңа көлік алуға барған. Жаңа машинаның жоғын айтқан қызметкерлер екі ай күту керектігін айтқан екен. Тапсырысы келген болар деп өткен апта тағы барыпты. Енді жаңа жылдан кейін бірақ келесіз деген жауап естідім дейді.
Айтуынша, өзі секілді жаңа көлікке тапсырыс бергендер өте көп. Автосалондар алдын ала ақша да қабылдамайды екен. Осыған байланысты, тұтынушылар темір тұлпардың құны қымбаттап кете ме деп алаңдаймыз дейді.
“Маған салондағылар келесі жылы баға жайлы ештеңе айтпады. Мен соған байланысты, министрдің соңғы сөзіне байланысты 2022-ші жылы баға қайтадан күрт өсіп кетеді ме деп ойлап отырмын. 2-3 досым бар автомобильге ұсыныс беріп тастаған. Күтіп жатыр. 2 айдың, 1 жарым айдың көлемі болып қалды”,  – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Азизбек Еркебаев. 
Индустрия министрлігінің ақпарына сай, жаңа көліктердің қымбаттауына бірнеше себеп бар. Ең алдымен микрочиптерге сұраныс күрт артқан. Осыған байланысты, чип өндіретін компаниялар оны шығарып үлгермей жатыр.
Ал, онсыз көліктегі парктроник, рульдің гидрокүшейткіші, тежегіш жүйесі мен басқа да функциялардың жұмысы өз қызметін атқара алмайды.
Министрлік берген ақпар бойынша, көлікті құрастыруға қажетті мыстың бағасы - 48 пайызға, алюминий - 61, қорғасын - 37 пайызға өскен. Ол да жаңа машинаның бағасына әсер ететіні сөзсіз.
Айта кетейік, Қазақстанға көліктер Жапония, АҚШ, Корея, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Ресейден импортталады. Биыл тоғыз айдың ішінде нарыққа сырттан әкелінген автомобильдердің үлесі 37 пайыз болса, 63 пайызы елімізде құрастырылған темір тұлпар екен.
30 қазан 2021 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930