» » 1 сынып оқушыларына "Алғашқы қоңырау" өткізуге рұқсат берілді

1 сынып оқушыларына "Алғашқы қоңырау" өткізуге рұқсат берілді

Білім және ғылыми министрі Асхат Аймағамбетов 1-сынып оқушыларына “Алғашқы қоңырау” өткізуге рұқсат берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


“1 қыркүйекте болатын салтанатты іс-шара 1-сынып оқушылар үшін ғана ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде алғашқы оқулығы Әліппе тапсырылады. Ал 2-11 сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинеттерге барып, тақырыптық сынып сағаттарына қатысатын болады”, – дейді министр. 
Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйек басталатынын жазды. 
“Жаңа оқу жылына дайындық жоспарға сәйкес жүргізілуде. Оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталады және 34 аптаны қамтиды. Сонымен қатар тағы 4 апта жазғы мектепті ұйымдастыру жоспарланды. Мектептер желісі жаңа мектептердің ашылуына байланысты өсті. Соның ішінде мемлекеттік мектептермен қатар, жекеменшік мектептердің де санының артқанын айтқан жөн. Жаңа оқу жылында мектеп формасы бойынша талаптар сақталады. Бірақ пандемия жағдайына байланысты классикалық үлгідегі киіммен келуге рұқсат берілді”, – дейді министр. 
Бір айта кетерлігі, Қазақстанда тағы бір жылға мектеп формасын кимеуге рұқсат берілген болатын. 
11 тамыз 2021 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031