» » Аймағамбетов жаңа оқу жылы қашан басталатынын айтты

Аймағамбетов жаңа оқу жылы қашан басталатынын айтты


Жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Алайда білім және ғылым министрлігі оқу қандай форматта болатыны әлі нақты белгісіз екенін хабарлады.

Сондықтан қазіргі уақытта оқушыларды дәстүрлі және қашықтан оқытуға байланысты бірнеше жоспар дайындалып жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты.

"Келесі оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталады. Бірақ қандай форматта болатынын әзірге ешкім айта алмайды. Пандемияның екінші толқыны бола ма, болмай ма белгісіз. Сондықтан біз бірнеше жоспар әзірлеп жатырмыз", - деді министр Instagram-дағы тікелей эфирде.

Ол жаңа оқу жылы қашықтан оқытудан басталатын болса, тиісті дайындық қажет екенін айтты.

"Иә, қашықтан оқытуға көштік. Бірақ ашығын айтқанда, біз ойлағандай болған жоқ. Қазір уақыт бар. Оқушылар қашықтан оқи ма, оқымай ма, бәрібір білім жүйесі өзгеруі тиіс. Түрлі жағдайға дайын болуымыз керек", - деді Асхат Аймағамбетов.
Министр бұл тұста педагогтарды дайындауға ерекше ден қою керек екеніне тоқталды.

"Қашықтан оқыту кезінде әдістеме, мониторинг өзгереді. Курс тек IT тұсына ғана байланысты емес. Сондықтан жаз мезгілінде инфрақұрылым, бағдарлама мен педагогтарды даярлауға назар аударамыз", - деді Аймағаметов.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус эпидемиясына байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқып жатыр. Мектеп оқушылары қорытынды емтихан тапсырмайды.


29 сәуір 2020 ж. 1 058 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031