» » 1-сыныпқа әліппе қайтарылады

1-сыныпқа әліппе қайтарылады

Тамыз конференциясында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бағдарламасынан алынып тасталған әліппе 2021 жылы қайта енгізілетінін мәлімдеді. "Әліппе мәселесін көптен бері ұстаздарымыз, ата-аналар көтеріп жүр. Бұл мәселе маңызды. Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өздеріңізге жақсы таныс қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізіледі. Біз қазір осыған байланысты жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді министр. Министр әліппенің бірнеше нұсқасы қарастырылғанын, бірақ баспалардың "қисынсыз" нұсқаларынан соң Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесіне тоқталғанын айтты. "Ұстаздардың жалақысын екі есе арттыруды тапсырамын". Тоқаевтың Тамыз конференциясындағы мәлімдемелері  "Бір баспа 11 дауыссыз, 11 дауысты дыбыс бар әліппені әкеледі. Енді бір баспа 4 дауыссыз, 4 дауысты дыбыс бар әліппені ұсынады. Неге олай екенін сұрағанда ешкім нақты жауап бере алмайды. Әліппе эксперимент жасайтын нәрсе емес. Нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Сондықтан ештеңені ойдан шығармай осы әдістеме негізінде жұмыс жүргіземіз", - деді Аймағамбетов. Тамыз конференциясы барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың мәртебесі, білім сапасы, ағылшын тілінің 2-3 сыныптардан бастап оқытылуы сынды тақырыпта мәлімдеме жасады.


16 тамыз 2019 ж. 1 766 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930