» » Білім министрлігі ҰБТ-ға қатысты қандай жоспар әзірленіп жатқанын хабарлады

Білім министрлігі ҰБТ-ға қатысты қандай жоспар әзірленіп жатқанын хабарлады

Білім және ғылым министрлігі елде коронавирусқа байланысты жағдай ушықса, ҰБТ өткізудің жаңа жоспарына көшеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов Қазақстанда қашықтықтан оқытуды дамытуға арналған онлайн-конференция кезінде биыл тестілеу әдеттегі мерзімде өткізілетінін айтты. Министр сынаққа дейін карантин аяқталатынына үміттеніп отырғанын жеткізді.

"Ұлттық бірыңғай тестілеу маусым соңы мен шілденің басында өткізіледі. Жылдағыдай форматта өткізуге дайындалып жатырмыз, әрине, бірқатар шектеу шаралары қолданылады. Алайда бұған қарамастан, біз қазір коронавирус пен карантинге байланысты қосымша жоспар да әзірлеп жатырмыз", - деді министр.


Бұған дейін министрлік ұлттық бірыңғай тестілеу жыл сайынғы форматта өтетінін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын.
Пандемияға байланысты қазақстандық оқушылар төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып жатыр. Оқушылардың қорытынды бағасы оқу жылындағы бағаларға сәйкес қойылады, емтихан болмайды.

16 сәуір 2020 ж. 963 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031