«ӘЛІППЕ» мен «АНА ТІЛІ» оқулығы қайта оралады
Жаңа оқу жылында жаңалық көп. Биылдан бастап балалар бастауышты «Әліппемен» бастап, қайтадан «Ана тілі» оқулығын оқитын болды. 1 қыркүйекте мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге «Әліппе» салтанатты түрде табысталады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.Заң аясында төтенше жағдай салдарынан шұғыл жәрдемді қажет ететін отбасыларға ғана ақшалай көмек беріледі», – деді Ақзира Бақтыбайқызы. Сонымен қатар басқарма басшысы биыл облыста 6 мектеп пайдалануға берілетіндігін жеткізді. Оның 4-і мемлекеттік, 2-і жеке. Олардың 3-і жаңа оқу жылында өз жұмысын басатаса, 3 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. 1 қырқүйекте табысталатын білім ұясының бірі Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп. Қалған екеуі жеке білім ошақтары.
Айта кетейік, алдағы оқу жылында аймақта 173 796 оқушы білім алады. Оның ішінде 1 сыныпқа қабылданған бала саны 17 746.















