» » Қазақстандық оқушылар 1 қыркүйекте мектепке бара ма? Білім министрі жауап берді

Қазақстандық оқушылар 1 қыркүйекте мектепке бара ма? Білім министрі жауап берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйекте балалардың мектепке баруы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Бұл өте өзекті сауал. Мұның барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, біздің жүріс-тұрысымызға байланысты. Егер халықтың басым бөлігін вакцинациялай алсақ, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, онда келесі оқу жылында, қыркүйекте білім беру ұйымдарымыз, ең алдымен әрине мектептер ашылады", - деп жауап берді Аймағамбетов.
Министр балалар мектепті, достарын, мұғалімдерін қатты сағынғанын атап өтті.
"Мұғалімдер де дәстүрлі форматқа тезірек оралғысы келеді. Бірақ бәрі өзімізге, қоғамға байланысты. Мен вакцинация қарқыны келесі жылы мектептердің ашылып, дәстүрлі форматқа оралуымызға әсер етеді деп үміттенемін", - деп түйіндеді БҒМ басшысы.
Бұған дейін Аймағамбетов білімді түлектердің арасындағы жаңа тренд туралы айтты.
28 мамыр 2021 ж. 941 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 816
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 510

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930