» » Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады: Сарапшылар не айтады

Қазақстанда күнбағыс майы қымбаттады: Сарапшылар не айтады

Қазақстанда күнбағыс майы қайтадан қымбаттады. Қазір өнімнің литрі 960 теңгеден сатылуда. Қазақстандықтарды картоп пен сәбіз бағаларының қымбаттауы алаңдаушылық білдірген тұста, күнбағыс бағасы да көтерілді. Бұған не себеп? Бұл туралы  31 арнаға  хабарлайды. 


Егер ірі сауда желілерінде майдың литрінің бағасы 845 теңгеден басталса, дүкендерде ең көп көп сұрнасқа иелері 960 теңгеден сатылып тұр. Сатушылар өсімдік майы бар бөтелкелердегі баға белгілерін айына екі рет өзгертіп тұратындарын айтады.
Әр жеткізілім кезінде бір литр май құны 30 теңгеге артып отырады. Сауда және интеграция министрлігінің деректері бойынша, жыл басынан бері май құны 21,9% - ға қымбаттаған. Бір апта бұрын Нұр-Сұлтандағы ресми бөлшек сауда бағасы 754 теңгені құрады. Ең жоғары баға Ақтауда – 821 теңге, ең төменгі баға Петропавлда – 627 теңге болды. 
Мамандар өсімдік майы бағасының көтерілу себебі – шикізаттың қымбаттауы деп санайды. Оның құны өткен жылдан бастап үш есе өсті. Осы себепті өндірістеҚазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз ететін төрт кәсіпорынның екеуін қысқартуға тура келді.
“Нарықта ресейлік майлар орын алатындықтан бұл өте қауіпті. Өкінішке орай, олардан шығатын майлардың Қазақстанда шығатындардан арзан емес екенін көріп отырмыз. Осылайша, біздің отандық өндірушілер өз позицияларын жоғалтты. Қайта қалпына келтіру қиынға соқпақ”,- дейді Қазақстанның май-тоңмай қауымдастығы одағының басшысы Константин Невзоров.
Қазақстанның май-тоң май одағы басшысының пікірінше, сауда желілерінде үстеме бағаларды өзгерту арқылы баға жағдайын реттеуге болады. Қазір сатып алушылар сатып алу құнының үстіне 15%-дан қосып отыр. Өндірушілер оларға литріне 100 теңге көлемінде ғана қосуды ұсынады. Осылайша, олардың айтуынша, мемлекетке нарықты реттеу оңайырақ болады. Күнбағыс майының қымбаттауының тағы бір себебі – маусымдық сұраныс. Үй шаруасындағы әйелдер қазіргі таңда көп тағам жасайды. Баға қанша уақытқа дейін және қандай белгіге дейін көтерілетіні туралы мәселе әлі де белгісіз.
23 шілде 2021 ж. 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 355

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930