» » Әлемдегі арзан автомобильдер қандай?

Әлемдегі арзан автомобильдер қандай?

Канадалық hot Cars басылымының сарапшылары әлемдегі ең арзан көліктердің тізімін жасады. Бұл тізімде ресейлік Lada Granta автокөлігі де бар.

Басылым қарастырған көліктердің ішінде Қытай мен Үндістанның, Еуропа мен АҚШ-тың да машиналары бар. Тізімдегі ең қымбат автомобиль Mitsubishi Mirage оның құны 14 990 Доллар (6 млн 362 мың теңге).
Жетінші орын Еуропаның ең арзан автомобилі екі орындық Smart ForTwo-ға бұйырды, еуропалықтар бұл көліктеріне 14 650 доллар (6 млн 218 мың теңге) сұрайды. Кішкентай артқы жетекті хэтчбек, әсіресе тар көшелерде ыңғайлы, Франциядағы зауытта шығарылады және әлемнің 46 елінде сатылады.
Алтыншы орында Chevrolet Spark General Motors 2002 жылы сатып алғанға дейін Daewoo маркасымен шығарылған. Бұл көліктің бағасы бағасы 14 400 доллар (6 млн 112 мың теңге). болатын Басылымның мәліметінше Spark АҚШ нарығындағы ең қолжетімді жаңа автомобиль екен. Бұл көлік Үндістандағы ең арзан көліктен төрт есе қымбат.
Тізімдегі келесі көлік румындық Dacia Sandero. Бағасы 8300 доллар (3 млн 523 мың теңге) Ұлыбританияда қолжетімді ең бюджетті модель. Автомобиль 2007 жылдан бастап шығарылып келеді. Содан бері үш буын ауыстырды.
Motor.ru сайтының мәліметінше, төртінші орында Lada Granta. Ең арзан моделі «АвтоВАЗа» бағасы 510 900 рубль (2 млн 874 мың теңге). Ұзақ уақыт бойы Тольятти автогигантының бестселлері болып келе жатыр. Канадалықтар бұл көлік туралы «сапасы нашар және қауіпсіздігі төмен, үнемі желідегі әзілдер мен мемдардың кейіпкеріне айналған көлік» дейді.
Үшінші орында рейтингтегі жалғыз электрокар Hong Guang Mini EV алды, ол Tesla Model 3-тен кейін Қытайдағы «жасыл» автомобильдер арасында екінші орынға ие болды. Құны-4400 доллардан (1 млн 867 мың теңге).
Maruti Suzuki Alto екінші орынға жайғасыпты. Оның құны 4100 доллар (1 млн 740 мың теңге). Төрт есікті хэтчбек-Үндістандағы ең көп сатылатын және ең арзан автомобильдердің бірі.
Сонымен, ең қол жетімді автомобиль арнайы Үнді нарығына арналып, 2015 жылдан бастап сатылымға шығарылған Renault Clio. Оны бар-жоғы 3900 долларға (1 млн 655 мың теңге) сатып алуға болады.

BAQ.KZ

31 наурыз 2021 ж. 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031