» » Арзан көліктің әлегі

Арзан көліктің әлегі

   Елімізде көлік дауы қайта басталды. Бұл жағдай осыдан он жыл бұрын орын алса, биыл үшінші рет қайталанып отыр. Еске салсақ алғаш қырғыз көліктерінің әкелінуіне шу шықса, одан кейін Ресейден көлік тасығанда бір дүрлікті. Енді міне оған Армения қосылды. Жалпы жағдайдың шиеленісуіне не себеп? Оған кім кінәлі?

   Жасыратыны жоқ елімізде көлікітің бағасы шарықтап кетті. Тіпті үй бағасымен теңесті десек артық айтпаймыз. Жылы төмен ескірген көліктердің өзі қалта көтермейтін жағдайға жетті. Міне, осыдан кейін өзге елдің арзан көліктерін алуға мәжбүр болды.
Дерек көзге сүйенсек, Армения, Қырғызстан және Ресейден 200 мыңға жуық көлік Қазақстанға әкелінген. Оның ішінде заңды түрде тіркелгені де, тіркелмегені де бар. Біріншіден бұл көліктердің елімізге келу себебі – онда бағасы бізге қарағанда екі есе арзан. Мәселен Қазақстанда құрастырылған орыстың су жаңа көлігі шамамен 5 млн теңге тұрса, айдалғаны кемінде 2,5 млн. Ал осы бағаға шетелден қымбат маркалы көлік ала аласың.
   Арменияда көлік неге арзан? – Себебі бұл елдің Еуразиялық экономикалық одақтың құрамына кіруімен байланысты, – дейді мамандар. Шындығында қазақстандық жүргізушілерге Армения не Қырғызстаннан арзан көлік тасуға еш жеңілдік болмаған. Бұл жөнінде уақытында дұрыс түсіндіру жұмыстары жүргізілмеген. Расымен аталған елдерде көлік арзан. Бірақ оларды Қазақстанға әкеліп тіркеу үшін кедендік баж және өзге де төлемдер жасау керек. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» демекші, жоғарыда айтылған көлік дауының шығуы да осыдан. Армениядан көлік әкелуге қайта оралсақ, көлік тасушы алыпсатарлар шекарадан өткізудің оңай жолын тапқан. Қырғызстан мен Арменияда 2014 жылдан 2020 жылға дейін тіркелген көліктерді Қазақстанға кедендік баж салығын төлемей уақытша кіргізуіне мүмкіндік болған. Енді міне биылдан бастап бұл елдерден әкелінген көліктердің жүруіне тыйым салынуда. Яғни бұл дегеніміз – жүргізушілер темір тұлпарларын кедендік рәсімдеуден өткізіп тіркеу керек немесе келген еліне қайтадан сатады. Сатқан жағдайда бастапқы алған бағасынан төмен бағаға өткізеді. Үшінші бір жолы – басқа мүмкіндік болмаған жағдайда көлікті қосалқы бөлшекке сатуы керек. Алайда арзан әрі сапалы көлікті іздеп шетел асқан отандастарымыз бұл ережеге наразы. Себебі көлікті тіркеу үшін де сатып алған бағасынан екі есе шығын қаржы жұмсайды. Онсызда әупірімдеп жинаған ақшасына арғысын Армения, бергісін Бішкектен алдым ба деген де тіркетуіне осынша көп қаржыны қайдан тапсын?
   Жоғарыдағылардың мұндай қатаң талап қоюның тағы бір себебі бар. Жол тәртіп сақшыларының айтуынша шетел нөмірін таққан көлік жүргізушілері жүгенсіз кеткен. Қазақстан жолдарын заңсыз тоздыруда. Оған қоса жол ережесін де елемейтіндердің басым бөлігі – осылар. ІІМ мәліметінше, тіркелмеген көліктердің тоқсан мыңнан астамы жол ережесін бұзған. Енді жүргізушіге айыппұл салынып, көлігі айып тұрағына қамалмақ. Алайда бұл науқанның нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
11 наурыз 2020 ж. 1 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031