» » Спорткар Ferrari рекордтық бағада сатылды

Спорткар Ferrari рекордтық бағада сатылды

Спорткар Ferrari рекордтық бағада сатылды
1963 жылы зауыттан шыққан автомобиль кез келген кластағы сатылған көліктердің арасындағы ең жоғары тарихи бағаға, дәлірек айтсақ $70 миллионға сатылды. 
Бұған дейінгі әлемдік рекорд 2013 жылы тіркелген. Ол да дәл осы Ferrarі моделіндегі 1963 жылы шыққан жеңіл көлік болған еді. Осыдан 5 жыл бұрын ол көлік рекордтық бағамен $53 миллионға сатылды. Бұл жайлы коллекциялық спорткарлар төңірегіндегі эксперт Марсель Массини хабарлады. 
Италиядан шыққан атаулы көлік маркасының 1962-1964 жылдар арасында 36 данасы шықты. Ал енді, ең қызығы, осы 36 көліктің бір де біреуі ешқандай апатқа ұшырамаған екен. 
Бұл көліктің шығу тарихының өзі қызыққа толы. Оны жасап, әлемге ұсынған - Энцо Феррари. Феррари 1898 жылы 18 ақпанда Модена қаласының маңында дүниеге келген. Оның атасы көкөніс сатумен айналысқан, ал әкесі Альфредо жергілікті теміржол шеберханасында тегістеуші боп жұмыс істеген екен. 
Энцо алғаш рет 10 жасында көлік жарысына көңілі ауған, ал 13 жасында көлік жүргізіп үйренген. Бірінші Дүниежүзілік Соғысқа мүгедектігіне байланысты жіберілмеген. Ал әкесі мен туған ағасы соғыста қаза тапқан. Энцоның анасы Адальгиза мен оның жары Лаура бір-бірін аса ұната қоймапты, бұл жағдайға қарамастан, Энцо Моденадан үлкен сәні мен салтанаты жарасқан сарай сатып алып, анасы мен жарын бір шаңырақ астына қосқан. Анасы Адальгиза 1965 жылы піскен жұмыртқаға түйіліп, қаза тапқан. 
1920 жылы көлік жарысына Alfa Romeo тобының жарысушысы боп қатысып, Targa Florio атты көлік жарысында екінші орынды иемденеді. 1929 Alfa тобынан кетеді. Ферраридің Альфа үшін жасаған жаңалығы бір орынды Bimotore деп аталатын жарыс машинасы еді. Оның алдыңғы және артқы жағында да қос қозғалтқышы бар болатын. Бұл жарыс көлігі жүйрік болғанымен, мүлдем басқарылмайтын еді. 
Ferrari каталогіндегі көліктің ең қымбат бөлшегі – 599GTB Fiorano үлгісіне арналған қозғалтқышы. Оның құны, шамамен, 70 000 АҚШ долларын құраса керек. 
1988 жылы 14 тамыздың таңында Энцо Феррари 90 жасында дүниеден озады.
03 маусым 2018 ж. 1 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031