» » Аллергиясы барларға вакцина салдыруға бола ма?

Аллергиясы барларға вакцина салдыруға бола ма?

Бұл сұраққа Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергологиялық орталығының басшысы Таир Нұрпейісов жауап берді. 

Маманның айтуынша, COVID-19-ға қарсы аллергиктерге вакцина салуға болмайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
 
Себебі жалпы аллергияның вакцина жасауға және коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаға қарама-қайшы көрсеткіштері жоқ. Республикалық аллергология орталығы мамандарының ұстанымы халықаралық мәліметтермен, оның ішінде Еуропалық аллергология және клиникалық иммунология академиясының келісім құжатында жарияланған мәліметтермен сәйкеседі. Респираторлық, тағамдық, соның ішінде тауық жұмыртқасына, эпидермалдық, жәндіктерге, сондай-ақ латекске болатын аллергиялық реакциялар COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсеткіш болып табылмайды. Аллергиялық аурулар асқынғанда вакцинаны уақытша салуға болмайды. Ауру симптомдары болмаған кезде екпені жасауға болады. Уақытша медициналық қарсы көрсеткіштің ұзақтығын тікелей дәрігер шешеді, - дейді Республикалық аллергологиялық орталығының басшысы Таир Темірланұлы.
Сонымен қатар, бронх демікпесіне шалдыққан жандарға да вакцина жасауға болады. Тек екпе салмас бұрын аурудың деңгейін бақылау үшін өз дәрігеріңіздің алдынан өткен жөн.Ал вакциналауға қарсы көрсеткіштер анафилактикалық шок, Квинке ісігі, Лайелл синдромы, ал уақытша қарсы көрсеткіш – созылмалы (оның ішінде, аллергиялық) аурулар болып табылатын көрінеді. Мамандар анамнезіңізде аллергиялық ауру бар болса, вакцинаны медицина ұйымдарында салдыруға кеңес береді.

BAQ.KZ
08 шілде 2021 ж. 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031