» » Қазақстандық дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты

Қазақстандық дәрігер кімдердің коронавирус жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты

Дәрігер аллергиясы бар адамдар, әсіресе, сәуірдің аяғы мен мамыр айында аса сақ болуы керек екенін ескертті.
Маусымдық аллергиясы бар адамдардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары. Бұл туралы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты жанындағы республикалық аллергология орталығының меңгерушісі Динара Талғатбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Шаң-тозаңға аллергиясы бар, жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы аллергиялық ауруларына шалдыққан адамдар коронавирустың таралуына байланысты жұқтыру қаупі жоғары топқа кіреді", - дейді аллерголог.

Талғатбекова аллергиясы бар адамдар, әсіресе, сәуірдің аяғы мен мамыр айында, ағаштар тозаңдана бастағанда сақ болуы керек екенін ескертті.

"Вирус ағзаға тыныс алу жолымен түсіп, көмей, кеңірдек пен бронхыларда жиналады. Яғни, бұл аллерген шырышты қабыққа оңай енеді деген сөз. Иммунитет әлсіз болса, вирустар мен аллергендер зақымдалған шырышты қабық арқылы организмге зиян келтіреді. Ал егер вирусқа шөптер мен өсімдіктердің гүлденуінен болатын аллергия қосылса, онда пациенттің жағдайы нашарлап кетуі мүмкін", - дейді дәрігер.

Яғни, инфекциядан аллергия асқынса, ал аллергияның өзі коронавирусқа теріс әсер етеді.

Осы ретте қазақстандық маман аллергиямен ауыратындарға кеңес берді. Айтуынша, олар күн сайын мұрнын, аузы мен тамағын тұзды сумен шайып отыруы тиіс.

"Вирустық инфекция кезінде мұрын-жұтқыншақтың дер кезінде емделмеген аурулары (синусит, фарингит) одан сайын асқынып кетуі мүмкін. Аллергиясы бар пациент дәрігер белгілеген емді алуы керек. Әсіресе, бұл өсімдіктердің гүлдену уақытында өте өзекті", - дейді ол.

Айтуынша, вирустар әрдайым аллергиялық ауруларды асқындырып, демікпенің өршуіне әкеп соғады.

01 сәуір 2020 ж. 895 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031