» » Телефон арқылы алаяқпен сөйлесем деп 5 миллион теңгесінен айырылды

Телефон арқылы алаяқпен сөйлесем деп 5 миллион теңгесінен айырылды

Интернет-алаяқтар Қазақстанда қайтадан белсенді бола бастады. Алматы тұрғыны алаяқтың құрбанына айналған. Ол өзінің қатысуынсыз бірден үш банкте жалпы сомасы 5,5 миллион теңгеге несиелер берілгенін айтады. Банк қызметкерлерінің алаяқтыққа қатысы бар ма?


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасайды.
“Маған сіздің атыңызға несие рәсімдеу туралы хабарлама келді деп хабарласты. Мен ешқандай несиеге өтініш берген жоқпын деді . Онда бакн қызметкері хабарласып, мәселені реттеп береді деді. Жеке куәлігіңізді дайындап отырыңыз деді. Өзін банк менеджерімін деп таныстырды. Менің қасымда 11 жастағы немерем болған. Соған тұтқаны беруімді өтінді. Немерем олардың айтқаны бойынша, телефонға бағдарлама орнатуды сұрады. Мен банкқа баратынымды айтанда, маған бекерге уақытыңызды жоғалтасыз деді”, – дейді  жәбірленуші Марина Бостанжиева.
“Шынымен де, алдап жатыр деп ешқашан ойламайсыз. Мен 80 000 жалақы аламын. Мен зейнетке дейінгі жастағы адаммын, келесі жылы зейнетке шығамын. Банк қызметкерлері қалайша оны білмейді? Ол жерде қабылдайтын адам бар. Ол менің зейнетақы жарналарыма, менің зейнетақы тарихымды қалай қарайды? Олар қазір барлық мәліметтерді біледі. Мен осы үш банкке бардым. Екі банк бас тартты, оларға рақмет”, – деді жәбірленуші. Марина алаяқтардың банк қызметкерлерімен келісіп алғанын айтады. Ол полициядан көмек сұрады."Егер біз өткен жыл мен биылғы жылды салыстыратын болсақ, онда пандемияның басталуымен алаяқтардың саны артты. Біз қаржы институттарымен бірге тергеу жүргізілген қылмыстық істер шеңберінде сол адамдар үшін мәселені шешіп жатырмыз. Байқаусызда алаяқтардың құрбанына айналған, өздері алмағандар несиелерді төлеуден босатылады", – деді қалалық полиция бөлімінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 
Осындай қылмыстардың тұтас сериясынан кейін депутаттар дабыл қағып, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінді. Айгүл Құспан несие беруден өз еркімен бас тартуды қарастыру қажет деп санайды. Егер норма қабылданған болса, онда олар тыйым салуды өтінген қазақстандықтар үшін несие сұрай алмайды.
13 маусым – Марина Бостанжиеваның несиелерін төлейтін алғашқы күн. Ол банктер оның жалақы шотын бұғаттайды деп қорқады. 5,5 миллион теңге – бұл оның отбасы үшін үлкен ақша.
13 маусым 2021 ж. 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031