» » «7-20-25» үлгісімен отандық көліктер несиеге беріле бастайды

«7-20-25» үлгісімен отандық көліктер несиеге беріле бастайды


Ұлттық банк Қазақстан азаматтары отандық көлік сатып алатындай жедел түрде бағдарлама әзірлеп, несие беруге дайын. Бұл туралы Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өткен жылы «7-20-25» бағдарламасын іске қосқан едік. Ендігі кезекте, несие беру ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз. 2019 жылы Ұлттық банк Қазақстан азаматтары отандық көлікті сатып ала алатындай жедел түрде бағдарлама әзірлеп, несие беруге дайын отыр. Бағдарлама нарықтың қағидаттарына сай түзіледі. Банктер арқылы «7-20-25» бағдарламасының үлгісіне сүйене отырып жұмыс жүргізу жоспарлануда», - деді Данияр Ақышев. Ұлттық банк төрағасы көлік құрастыру саласы құрылыс саласы секілді жоғары технологиялық, экономикаға мультипликативтік қайтарымы бар, капиталы ауқымды сала екенін жеткізді. «Аталған бастама импортты алмастыруға серпін беріп, импорттық тауарлардың жағымсыз сипатта өсуін тоқтатады», - деді ол. Өз кезегінде Президент бұл жұмыс автомобиль өнеркәсібіне оң әсерін тигізетінін атап өтіп, бұл бастамаға қолдау білдіретінін айтты. «Бұл жұмысты егжей-тегжейлі Үкіметпен талқылауға дайынбыз», - деп түйді сөзін Ұлттық банк төрағасы.

inform.kz
30 қаңтар 2019 ж. 989 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 22:50
Diflucan Order http://kamagpills.com Levitra Ohne Rezept Bestellen

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031