» » Қызылордада сайт ашып, тұрғындарды алдап ақша салдырған әйел сотталды

Қызылордада сайт ашып, тұрғындарды алдап ақша салдырған әйел сотталды

   Қызылорда қаласында тұрғындарды алдап, қыруар қаржыны иемденіп кеткен әйел бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды КТК.
 
   Оңай жерден "олжа" іздеген әйел өзінің ойын жүзеге асыру үшін "Whats App" мессенджерін пайдаланған. Сонда жалған жоба жасап арнайы сайт ашқан. Ол тұрғындарды сол жобаның есеп-шотына ақша салса, кейін қаржысын 60 пайыз үстемақы арқылы қайтарып алатынын жеткізген.
   – Осылайша ол адамдардың салған ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен. Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына (алаяқтық) сәйкес кінәлі деп танылды. Қызылорда қалалық сотының үкімімен ол 3 жылға бас бостандығы шектелді, – дәп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілі.
    Соңғы уақытта Сыр өңірінде ғаламтор желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есеп-шотына ақша салдырған алаяқтар саны көбейіп отыр. Биыл ғаламтор желісі арқылы жасалған алаяқтықтың 189 дерегі анықталды. 2019 жылдың 10 айында алаяқтық жасағаны үшін ұсталған 242 қылмыскердің 160-ы әйелдер.
    – Алаяқтық қылмысын ашуда қиындық тудыратын мәселе - жәбірленушілердің кеш арыздануы. Есепті мерзімде алаяқтық қылмысы бойынша 26 жәбірленуші құзырлы органдарға кеш арызданған. Бұл тұста тек алаяқтар туралы ғана емес, кей адамдардың жеңіл пайда табуға, мәселені шешудің оңай жолын іздеуге бейімдігін, құқықтық сауаты төмендігін ескере кетуіміз керек. Міне, осы жайттардың барлығы алаяқтың арбауына түсуге мүмкіндік тудырады, – деді ведомство мамандары.
17 қараша 2019 ж. 1 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 330
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 771

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 92

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930