» » Қызылордада "таксистерді" ерекше әдіспен алдаған ер адамның ісі әшкере болды

Қызылордада "таксистерді" ерекше әдіспен алдаған ер адамның ісі әшкере болды

Қызылордада құйтырқы әрекетімен қоғамдық резонанс туғызған ер адамға қатысты сот аяқталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Басылымның жазуынша, сотталушы алаяқтықты мынадай жолмен жасап келген:
Ол ауруханалар мен емханалардың жанында жеке такси жүргізушілеріне келіп, ауыр сырқаттан көз жұмған туысының денесін шалғай ауылға жеткізіп беруін өтінеді. Жүргізушінің ақысын марқұмның ауылдағы отбасы төлейтін болып келіседі.
Қызмет ақысына қомақты ақша ұсынған, сондықтан көбісі келіскен. Осыдан кейін ол қайтыс болған адамның денесін тасымалдауға арналған құжаттарды рәсімдеймін деп ауруханаға немесе басқа бір медициналық мекемеге кіріп кетеді.
"Шамалы уақыт өткеннен кейін ол такси жүргізушісіне қайтып келіп, медицина қызметкеріне беру үшін қарызға ақша сұрайды, ауылға барған соң бірден қайтаруға уәде етеді. Егер оған ақша берсе, алаяқ орынды сылтау тауып, із-түзсіз жоғалып кететін болған.
Жүргізуші өз "клиентін" біраз уақыт күтіп, содан кейін алданып қалғанын түсініп, полицияға арыз түсірген. Алаяқ әрдайым бір әдісті қолданғандықтан тез ұсталды, сонымен қатар медициналық мекемелердегі бейнекамераларға бірнеше рет түсіп қалған. Айтпақшы, ұсталған ер адам өзінің кінәсін жоққа шығармады.
Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толығымен мойындады, оның үстіне күдіктінің кінәсі зардап шеккендердің куәліктерімен, бейнебақылау камераларының жазбаларымен және тағы басқа іс материалдарымен дәлелденді", - деп хабарлады Қызылорда қаласының №2 соты.
Сотталушы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармақшасында (ірі көлемде жасалған алаяқтық) қарастырылған қылмысты жасады деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.
21 шілде 2019 ж. 767 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 156

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930