» » Қазақстанда қой қымбаттады

Қазақстанда қой қымбаттады

Елімізде қой қымбаттады. Әсіресе Атырау облысында ұсақ малдың бағасы шарықтап тұр. Мұнайлы өлкеде семіз қойдың орташа бағасы 130 мың теңгеден сатылуда. Қарағандыда қыста туған қозы 30 мыңнан басталады. Қазір ең арзан қошқар тек Шымкентте ғана. Алайда қарапайым халық Құрбан айт жақындағанда құнығып кететін саудагерлерден қорқып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Атырауда облысында мал базарға қой іздеп барғандардың тауы шағылып қайтады. Қалтаны қаққан қымбатшылық тұрғындардың шымбайына батқан. Өйткені мал бағасы былтырғымен салыстырғанда екі-үш есеге артып отыр. Мәселен, базарда қозы 45 мың, ісек қой орташа 130 мың теңгеден сатылуда. Мамандар оның басты себебін пандемиямен байланыстырады. 
“Пандемияда базар бір-екі мәрте жабылып қалды. Онлайн сату деген болды. Сатушыларға қиын болды. Клиент болмай қалды. Онлайн сатуда жеткізіп беруді сұрайды. Үй-үйге апарып беруге мәжбүр болды. Сол кезде көп мал сатылмай қалды”, – деді мал базарының зертхана меңгерушісі Еркін Беккелеев.
Қазір малды бордақылап өзі базарға әкеліп сататындар азайған. Көбі алыпсатарлар. Атырауға төрт түліктің көбі көршілес Батыс Қазақстан облысынан әкелінеді.
“Он қойға, 2 мың теңге қосылады. Оның үстінен біз пайда көреміз. Сосын іште ветеринар дәрігерлерге береміз. Орын ақымыз бар. Соның бәрін төлегенде 2-3 мың теңге қосамыз”, – деді Атырау қаласының тұрғыны Қанат Жәнібеков.
Мұнайлы өңірде ірі малдың да құны күрт артқан. Бие 500 мың болса, сиырдың бағасы 450 мыңға дейін барады. Ал қос өркешті жануарды 1 миллион теңгеге сатып алады.  
Қойдың құнын тұрақтандыра алмай отырған облыстағы ауыл шаруашылығы басқармасы "мал бағасының өсуі қалыпты жағдай, қайтадан ретке келеді" деп ақталып отыр. Ал төрт түлікті саудалағандар жем-шөп құнын түсірмейінше, ұсақ жандықтың бағасы шарықтай береді деп бекініп алған. Мысалы, бір ісектің құны 100 мың теңге тұрады.       
Қарағандыда да мал етінің бағасы өсуін тоқтатар емес. Құрбан айт жақындаған сайын қой сататындар алақанын ысқылап отыр. Қыста туған қозы бағасы қазір 30  мыңнан басталса, күздік тоқтылардың құны 55 мың теңгеге дейін. Одан ірі ісек қойларға 70-80 мың теңге сұрап тұр. Сатушылар қымбатшылықты күн санап өсіп жатқан жем-шөптің бағасымен байланыстырады. Ұсақ малды ауылдан жеткізу мен оны сатылғанша баптаудың шығыны тағы бар. Ал тұрғындар "жақын күндері ет жеуді қоямыз ба?" дейді.
“Мал етінің қымбаттауы елге өте ауыр болып тұр. Өйткені бұл жерде ауыл еңбеккерлерінің еңбегін де ұмытпау керек. Дегенмен, Айт кезінде қой етінің қымбаттуы халықтың қалтасын қағады. Бағаны тым көтермесе, осы бір бағаға бақылау жасап, қадағаласа деп ойлаймын. Әйтпесе ет жеп өскен қазақ халқы бір күні ет жеуден де қалатын шығар”, – деді Қарағанды қаласының тұрғыны Мақсат Бейсенаев.
Қазақстан бойынша ең арзан ет Шымкентте. Төрт түлікті көп ұстайтын өңірде биыл шөп тапшы. Былтыр 500 теңгеден сатылған бір бума шөп, дәл қазір 1300 теңгеден сатылып жатыр. Шөптің бірінші орымының өзі тым қымбатқа түсіп жатыр деген малшылар жаз соңына қарай елде жұт бола ма деп үрейленеді. Сондықтан малды асырауға қиналған шаруалар жапа тармағай қой мен сиырын сойып сатуда.
“Жем тапшылығынан адамдар өздерінің қойларын өткізіп жатыр. Содан бізде баға 100-200 теңге арзандау түсіп жатыр. Қарағанды, Атырау, Ақтаудан кеп, Алматыдан кеп сойып жатыр. Ол жақтан қарағанда арзан. 2200 теңгеден сойып беріп жатырмыз. Шөп биыл жоқ. Тапшы боп жатыр. Адамдар шөп тапшы болғаннан кейін бордақы мал ұстаудан қиналып жатыр”, – деді Шымкент қаласының тұрғыны Асқар Әлиасқаров.
Сарапшылар елімізде жанар-жағармай мен жем-шөптің бағасы арзандамайынша, малдың да құны қымбаттай береді дейді. Соңғы бес жылда өзен-көлдердің тартылып қалуы да төрт түліктің күйін қашырған. Қазір малшылар жайылым жер жоқ болғандықтан, мал басын азайта бастаған.
11 маусым 2021 ж. 798 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031