» » Базар бағамы тұрақты ма?

Базар бағамы тұрақты ма?

Әлемде түрлі базар бар. Әрқайсысының ерекшелігі әртүрлі. Мәселен, бірі – аты шулы брендтік өнімдерді, азық-түлікті, ұсақ-түйектерді арзан бағаға сатады. Ал кей базарда түнгі уақытты шоппингпен өткізуге болады. Бірақ дәл қазіргідей уақытта шертіп жүріп сауда жасау қайдан болсын? Тұтас әлемді әбігерге түсірген пандемия экономикаға әжептәуір зиянын тигізуде. Қош. Әріге барып қайтеміз, өзіміздегі базар бағамын бажайлап көрейік.

Адам болып жаратылған соң тіршілік ету заңдылық. Ол үшін бізге еңбек керек. Ал еңбектенсек кәсіп, кәсіптен нәсіп табамыз. Тапқан нәсіп отбасын асырау үшін, күнделікті тұтынатын азық-түлік үшін жұмсалмай тұрмайды. Байқасақ, карантин уақытында қалтада бар қаражатын ішер асқа жұмсайтындар көбейді. Бұрынғыдай еркін қыдыру, киім-киіп сәнді жүруден алыстап бара жатырмыз. Неге? Алдымен індетке тойтарыс беруде ағзамыз қуатты болуы керек. Сол үшін қажетті азық-түлік өнімін тұтынудамыз. «Біздің базардан» алыс-жақын ауылдан келіп, керегін алып кетушілердің қарасы көп. Аудан орталығы болған соң сауда қыза түскен. Иә, бізге базар алаңы қып-қызыл ақша көрінеді. Алайда оның біз білмейтін қыры да, сыры да көп. Базар десе бағамы қатар жүретін сауданың қазіргі тынысы қандай?
Күні кеше елдегі Статистика комитеті ақпарат жариялады. Онда қысылтаяң шақта құны шарықтаған жеміс-жидек, ұн, сиыр еті, шай секілді тауарлардың тізімі бар. Олар 6 проценттен 21 процентке дейін қымбатқа сатылуда. Халық күнделікті тұтынатын тағамдарды жеке-жеке қарайық. Сонымен, соңғы жеті айда жеміс-жидек құны 21,3%, жарма – 20%, қой еті –11,8%, ұн – 11%, көкөніс – 10,8%, макарон –10,1%, сары май – 9,4%, жылқы еті – 8,6%, ірімшік – 8,4%, сиыр еті –7,6%, шай – 6,8%, нан – 3,8%, сүт – 4,5%, ірімшік – 3,3%-ке артқан. Өткен жылдың шілде айынан бері қарай әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы 11,3% артқан. Бұған елдегі инфляция деңгейі себеп болыпты. Өткен жылдың осы уақытынан бастап азық-түлік бағасының қай өңірде шарықтағанынан да хабардар болдық.
– Азық-түлік бағасының ең жоғары бағасы Қызылорда облысында, Алматы, қаласында, Шымкент қаласын Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысында байқалып отыр. Яғни, осы облыстарда, атап кететін болсақ, Қызылорда облысы мен Алматыда 12 пайызға дейін бағаның өсуі байқалды. Шымкентте 11,7, ал, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысында 11,6 процентке баға өскен, – деді ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің бас сарапшысы Әсет Рашитов.

Әрине, пандемия жарияланғалы азық-түлік бағасын мемлекет қолдан келгенше бір деңгейде ұстауға тырысып келеді. Ал бұл қаншалықты орындалуда, сол маңызды. Алдымен аудан тұрғындарымен байланыстық. Сатып алушылар барлық тауарға құн қосылғанын айтады.
– Карантинге дейін 115 теңгеге алып жүрген картопты жанымдағы дүкеннен 230 теңгеге сатып аламын. Өзім ІІ топ мүгедегімін. Аяғыммен барып ала алмаймын. Сол үшін хабарласып, үйге алғызамын. Картоп, ет дегендерің күнделікті тұтынатын азық қой. Едәуір бағасының көтерілгені бар, – дейді кент тұрғыны Миуа апай.
Одан бөлек, жеміс-жидек пен көкөністердің бағасы да қымбаттағанын алға тартты. Мәселен, алма бағасы 500-600 теңге аралығында.
– Жан-жақты зерделеу жасап, бағаны халық қалтасы көтеретіндей бір жүйеге келтірсе құба-құп болар еді. Оның ішінде сүт өнімінің бағасын да қадағалаған жөн. Әйтпесе бұрын 5 литрін 2500 теңгеден алған шұбат қазір 4500 теңгеге бір-ақ көтерілді. Қауын-қарбыздың бағасы да былтырғыдан көтерілген. 50 келілік ұнның бір қабы қазір 7 500-8 000 теңге, – деп наразылығын білдірді тұрғындар.
Мәселенің жай-жапсарын бір жақты қалдырмау үшін аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне хабарластық. Мамандардың айтуынша, олар өнім бағасын бақылау үшін күнделікті мониторинг жүргізіп отырады. Оның ішінде 6 сауда орындары мен 1 әлеуметтік дүкен бар. Жүргізілген бақылау жайында облыстық ауыл шаруашылығына, аудан әкімдігіне мәліметтер ұсынылып отырады. Ал ол мәліметтер не дейді?
– Ауыл шаруашылығы бөлімі халықты арзан бағадағы азық түлікпен қамтамасыз ету үшін Оңтүстік өңірдегі көкөніс өсіруші шаруашылықтармен келіссөздер жүргізді. Соның нәтижесінде аптасына екі рет картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат секілді өнімдер ешқандай делдалсыз жеткізіліп, дүкен сөресіне қойылып сатылуда. Бұл ауданда аптасына екі рет тасымалданады. Мәселен дүйсенбіде көкөністер келсе, ендігісі жұмада келмек. Картоптың орта бағасы – 120 теңге болса, жуа – 80, сәбіз – 130, І сұрыпты ұнның 1 келісі – 136 теңгеден. Ал тауық жұмыртқасы – 22 теңге, тұз – 40 теңге, қант – 200 теңге, рожки – 180 теңге, шемішке майдың 1 литрінің орта бағасы – 380 теңге. Әрине, бұл мәселе мінберден түспейді. Бағаны түсіру мен астық қорын жасақтауда қажет шаралар атқарылып жатыр, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің әдіскері Айдана Көздібаева.
Жыл сайын үш жақты келісім бойынша күріш өндірушілер, кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы бөлімі меморандумқа отырады. Ал көкөніс өндірушілермен келіссөз осы төтенше жағдай режимі енгізілгелі қолға алынған. Қазір олар қажет өнімді ауданға жеткізсе, ауыл шаруашылығының мамандары оны үйлестіруде.
Айнұр ӘЛИ


08 тамыз 2020 ж. 602 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031