» » Сегіз өңірде энергияға тариф арзандады

Сегіз өңірде энергияға тариф арзандады

Қазақстанда жыл басынан электр қуатына тарифтер 1,5 пайызға қымбаттады. Дегенмен, 8 өңірде баға керісінше, арзандай түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


2020 жылғы қаңтар-сәуір аралығында елде 37,5 млрд кВт-сағат электр энергиясы өндірілді. Көрсеткіш жылына 3 пайызға артқан.

«Энергетикалық компаниялардағы күрделі қаржылық жағдай, жетілдірілмеген тарифтік саясат, инвестициялық тартымдылықтың жоқтығы ірі көлемді жобалардың болмауына алып келді. А қазіргі жағдайда қаржыландыру тек жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін сақтап отыру үшін ғана жететін болады», – делінген ақпаратта.

Сарапшылардың пайымынша, саладағы проблемалар салдарынан Қазақстан жақын келешекте электр энергиясын көрші елдерден сатып алуы мүмкін. Әзірге қазақстандық электр стансалары (1-тоқсанда) энергияға сұранысты (экспорт пен нарықта сату) 99 пайызға қамтамасыз ете алды. Импорт үлесі – 1 пайыз болды. Бұл ретте, импорт бір жылда 17,9 пайызға азайған.

Биылғы жылдың мамыр айында электр энергиясының бағалары былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға қымбаттады. Электр энергиясының тарифтері Батыс Қазақстан облысында (16,3 пайызға), Нұр-Сұлтан (10 пайызға) және Алматы қалаларында (7,6 пайызға) қымбаттады.

Еліміздің 17 өңірінің 8-інде электр қуатының бағасы, керісінше арзандаған. Ақмола облысында бағаның 10,8 пайызға арзандауы тіркелді.




18 маусым 2020 ж. 692 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031