Елімізде жарты жылда пәтер бағасы қалай өзгерді?
Жылжымайтын мүлік сатып алу адам өміріндегі маңызды қадамдардың бірі. Ал үйді таңдап, оған қаражат жинау үлкен жұмыс. "Крыша" сайты Қазақстанда соңғы жарты жылдықта пәтер бағаларына шолу жасады. Қазақстанның көптеген қаласында алғашқы жартыжылдықта пәтер бағасы айтарлықтай жоғарылаған. 2019 жылдың маусым айында қаңтар айымен салыстырғанда Перопавлда +4,6 пайыз, Өскеменде +4,4 пайыз және Шымкентте +3,7 пайыз өзгерістер байқалған. Бұл қалалардағы тұрғын алаңының құны 205 985, 189 175 және 229 050 тг/ш. метр. Ақтауда бірлік ауданы 201,425 теңгені құрай отырып, өсім 2,8 пайыз болып отыр. Ал Қостанай мен Орал қалаларында тұрғын үйдің орташа құны жыл басынан бері 2,5 пайызға артқан. Нұр-сұлтан қаласында маусым айында кезекті бағалық максимум анықталып отыр 338 775 тг/ш. метр. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 1,8 пайызға жоғары. Алматыдағы баға көрсеткіші 2,4 пайызға артқан (қаңтармен салыстырғанда). Бұл қаладағы сатушылар аудан бірлігінің шаршы метрін орта есеппен алғанда 382 575 теңгеге бағалап отыр. Таразда жыл басынан бері пәтер бағалары 1,2 пайызға өскен. Қаңтар айымен салыстырғандағы маусымдағы баға төмендеулер Ақтөбеде -2,6 пайыз, Қызылордада -2,7 пайыз және Атырауда -2,9 пайыздық көрсеткіш байқалады. Ал тоқсандық түзетулерге келетін болсақ, еліміздің екінші тоқсанында айтарлықтай өсімдер байқалған. Динамика өсімі оң натиже көрсетіп, жалпы есеп 2 пайыздан асатын өңірлер бар. Атап айтқанда: Петропавл +2,9 пайыз;
Өскемен +2,3 пайыз;
Шымкент +2,2 пайыз;
Павлодар +2,1 пайыз.
Сонымен бірге Ақтөбеде -1,2 пайыз, Қызылордада - 1,4 пайыз, Атырауда -1,8 пайыз және Тараз қаласында -3,7 пайыздық төмендеулер байқалды. Маусым айында (мамырмен салыстырғанда) баға индексінің ең көп өсуі Нұр-Сұлтанда +2,4 пайыз, Оралда +2,4 пайыз және Талдықорғанда +1,9 пайыз өсімі анықталды. Сарапшылар бұл көрсеткіштер тұрғын үй нарығының тұрақтылығын көрсететінін атап өтті. Елеулі өзгерістерге ешқандай болжам жоқ, дегенмен, маусымдық өзгерістер фактісі де жоқ емес.