» » ҚУАҢДАҒЫ ҰЛЫ ТОЙ

ҚУАҢДАҒЫ ҰЛЫ ТОЙ

 
  Орталық алаң. Жағалай тігілген, қаздай тізілген, ою-өрнектермен безендендірілген  ақшаңқан киіз үйлер. Құдды бір тақияларды төңкеріп қойғандай.  Ауылға кіре бере осы үйлердің түндігі бірінші төбе көрсетеді.  Қаймағы бұзылмаған ауылдың, дәстүрді де берік ұстанатыны жанымызды жадыратты. Жанында  бірін-бірі  қуалап, у-шу болып жатқан балалар, киіз үйдің ішінде жабдықтарын дайындап жатқан ағалар мен қыз-келіншектер қызу дайындық үстінде. Бұл ұлыстың ұлы күніндегі дайындық барысы.
   Наурыз мерекесін аса қатты қызығушылықпен тойлайтын  Қуаңдария ауылы  әдеттегідейдүбірлі той етіп өткізді. Қалыптасқан әдеттері бойынша әр жылдың мектеп бітіруші түлектері ұйымдастыратын Наурыз мейрамы   биыл да өз дәрежесінде өтті. Мерекені ұйымдастыруға ат салысқандар 1975 жылы туған Қуаңдария ауылының түлектері. Мұнан  бөлек ауылда 1969 туған түлектер 20-наурыз күні ауылдық «Сейіт Мұхаммед Әздер» (Сейтпенбет) ата мешітінде Құран оқытып, мешітке 100 адамға арналған  ыдыс-аяқ тарту етті.
   21-наурыз күні  таңертең мерекені ұйымдастырушылар мешітте бақилық болған құрдастарына  арнап, Құран бағыштап,  мешітке сый-сыйапатын ұсынды. Шара одан әрі №14 «Шолпан» балабақшасында жалғасын тапты. Балабақшаның алдына балаларға арналған «ойын алаңын» сыйға тартып, балалардың көңілін бір көтеріп тастады. №186 орта мектепте жалғасын тапқан шара «Туған жерге тағзым» атты түлектермен кездесу кешімен  жалғасты. Ауылдан қанат қағып белгілі бір-бір қызметтің тұтқасын ұстаған, өнерде де, ғылымда танылып, бизнесте  аты шығып жүрген азаматтар мен  биыл мектеп бітіргелі отырған  түлектер қатысып, өнерін ортаға салды. Солардың бірі Л. Гумилев атындағы униветситеттің филология ғылымдарының кандидаты А.Ілиясқызы, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Ж. Сыздықова, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Е.Есов, ауылымыздан шыққан ардагер журналист Ш.Құндақбаевтар қатысып, мектеп бітіргелі отырған түлектерге ақ жол тілеп, ақжолтай лебізін білдіріп, мектеп ауласындағы «Түлектер аллеясына» тал екті.  Аталған шараларға  Аудандық мәслихат депутаты        Г.Раева қатысып, ұйымдастырушыларды «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен марапаттады.
      Шараның жалғасы  орталық алаңда қазақша күрес пен жалғасты. Бұл шараға жастар арасындағы Олимпиада, Әлем, Еуропа чемпионы Бауыржан Жауынтаев демеушілік жасап, өзінің соңынан ерген ізбасарларына «күрес кілемін» тарту етті. Сонымен қатар, қазақша күреске ауылымыздан        Б.Ибраев, Ә.Махамбетжанов, Е.Масаевтарда демеушілік жасап, ақшалай және бағалы сыйлықтарын  тікті.Мектепішілік тоғыз салмақбойынша  сыналған саңлақтар бір-біріне оңайлықпен дес бермеді. Десе де, шаршы топты жарып шыққандары қаншама. Жарыс қорытындысы бойынша 2018 жылдың «Түйе палуаны» атанған Қазбек Тұрғанов  плазмалық теледидар алса, екінші орынды қанжығасына байлаған Нұрбол Ысқақов пен  үшінші орын иесі Досхан Ақпанбетов ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
   Ұлы той «Жырлаймын туған жерімді» атты концерт арқалы  облыстық филормония және белгілі жыршы-термешілердің қатысуымен жалғасты.  Кешкі серуенге ұласқан той ауыл өнерпаздарының және Қазақстанға белгілі әнші Қанат Үмбетовтің концерттік бағдарламасымен аяқталды.
    Думан 22-наурыз күні «Армысың әз-Наурыз» атты ұйымдастырушылардың мерекелік концерті мен орталық алаңда әр мекеменің жағалай тігілген киіз үйлерінде Наурыз мейрамының басты асы- наурыз көжеден дәм татқызу салтанатына ұласты. Аталған шарада ұйымдастырушылар ауыл тұрғындары арасында белсене араласқан және демеушілік жасаған азаматтарды  алғыс хаттармен марапаттап,  мекеме қызметкерлерінің киіз үйлеріне жүлде ұйымдастырып, ақшалай сыйлықтар тарту етті. Марапаттау рәсімінен кейін ауыл тұрғындары ұйымдастырушылар мен ауыл жастарының мерекелік концертін тамашалап, киіз үйлерге кіріп дәмнен ауыз тиді.
     Шын мәнінде, сәукеле мен қамзол киген кыздар мен әпкелер, кимешек пен бүрмелі көйлекті әжелер, басында бөрігі мен шапаны бар аталар, қазақша киініп, киіз үйдің ішінде шұрқырасып әңгіме дүкен құрған  қандай жарасымды. Барлығы бірін-бірі құшақтап, төс қағыстырып, араздасқандар татуласып, кешірім де сұрасып жатыр. Ауылдың осы көрінісі мәңгі тоқтап қалса ғой деген ойға қаласың. Бәрі көңілді, бәрі ақжарқын, бәрі де бақытты сияқты көрінді маған.
Дәмнен ауыз тиіп, әдемі әнмен көңілдері көтерілгеннен кейін халық ауылдық ипподром аймағына жиналды. Ат жарысқа ауыл, аудан сәйгүліктерінен бөлек, өзге өңірлердің тұлпарлары қосылды.
Тай-жарысынан, бірінші орынды ауыл тұрғыны М.Өмірбаевтың, екінші орынды Қ.Нәбиевтің, ал үшінші орынды С.Ибраевтің тайы иеленді. Екінші, құнан-жарыс Қазалының жылқысы мәрені бірінші кессе және екінші, үшінші орынды Ақай ауылының тұлпарлары иемденді. Аламан бәйгеде С.Ибраевтың сәйгүлігі тұмсығымен құс ілсе, екінші орынды Қазалының ауыздықпен алысқан тұлпары, ал үшінші орынды О.Ешмағанбетовтің жылқысы қанжығасына байлады. Тоқ бәйге ауыл тұрғыны Ә.Қайнаровтың шабандозына бұйырды.
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ
28 наурыз 2018 ж. 1 418 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 260

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 359

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930