» » Облыс аймағында жолда қалған көліктерге көмек көрсетілді

Облыс аймағында жолда қалған көліктерге көмек көрсетілді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында ауа райы күрт нашарлап, қар құрсауында қалып қойған автокөліктерді құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Аудан аумағында 23 желтоқсан күні сағат 14.27-те ауа райы күрт құбылып, боран мен қатты жел соқты. Осының салдарынан «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1912-2057 шақырымы жабылды. Бұл Түркістан облысына дейінгі шекараға дейін көліктердің қар құрсауында қалып, кептеліске тап болуына алып келді.
Жолда қалып қойған жүргізушілерге көмек көрсету мақсатында тиісті шаралар атқарылды. Осы мақсатта облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінен 10 қызметкер және 2 техника, №14 өрт сөндіру бөлімшесінен 8 қызметкер және 2 бірлік техника жұмылдырылды.
«Жанақорған ауданындағы 2010-2035 шақырым аралығында қар құрсауынан жолдың таза учаскесіне 4 жүк, 3 жеңіл автокөлігі шығарылып, 12 адам құтқарылды. Бұл Манап ауылы мен Қыраш елді мекендері аралығын қамтиды. Ал сағат 19.10-те Түркістан облысының шекарасы тұсындағы жолдың 2056 шақырымында қар құрсауынан жолдың таза учаскесіне 7 жүк, 6 жеңіл автокөлігі шығарылып, 14 адам құтқарылды. Қайтыс болған және зардап шеккен адамдар жоқ. Қазіргі таңда автокөліктер толықтай қар құрсауынан шығарылған», – деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

24 қаңтар 2021 ж. 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930