Құрылтай
» » Қызылордада блокпост маңындағы өрттің мән-жайы: 2 гектар ағаш өртенген

Қызылордада блокпост маңындағы өрттің мән-жайы: 2 гектар ағаш өртенген


Кеше кешке Қызылорда қаласына кіреберістегі блокпост маңында шыққан өрттің мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.


Өрт Тұңғыш Президент паркіне қарсы алқапта тұтанған. Маңайында тұрғын үйлер орналасқан.
Жергілікті «112» құтқару қызметіне хабарлама сағат 20.25 шамасында түскен. Оқиға орнына №1, 2 және 6 өрт сөндіру бөлімдерінің, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жетті.
«Жалынмен күреске барлығы 25 адам жұмылдырылды. Төтенше жағдай орнында арнайы штаб құрылды. Штаб мүшелерінің мәліметі бойынша, 2 гектарға жуық алқаптағы жыңғыл, тораңғыл, жиде ағаштарына залал келген. Өрт салдарынан адам шығыны болған жоқ. Сондай-ақ, сол маңдағы тұрғын үйлерге зиян келген жоқ. Қазіргі таңда оның шығу себебі мен шығыны анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Мәлім етілгендей, тілсіз жаудың таралуы сағат 21.10-да тоқтатылып, 21.56-да толығымен ауыздықталды.
Айта кетейік, Қызылорда облысында жыл басынан бері далалық жерде 23 өрт оқиғасы болды. Салдарынан 91 гектарға жуық алқап жарамсыз күйге түсті.

23 сәуір 2020 ж. 1 066 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31